Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«2019 жыл – жалынды жастар жылы!»

«2019 жыл - жалынды жастар жылы!»      «2019 жыл – жалынды жастар жылы!» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдаған әрбір қазақстандық жастарға дәл осы сөздер айрықша әсер еткені сөзсіз. Нұрсұлтан Әбішұлы қашанда жастарға баса назар аударып, оларға қамқорлық жасап отырады. Бұл бойымызда қуаныш сезімін оятқанымен қатар аса үлкен жауапкершілікті сезіндіреді. Осы уақытқа дейін мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда Павлодар облысы көш бастап тұрғаны бәрімізге айғақ. Бұл жастардың өз уақытын тиімді пайдаланып жатқанының кепілі деп білемін. Жыл сайын талантты жастарды қолдау мақсатында өңіріміздің өрендеріне облыс әкімінің гранты бөлініп жатқанын осы жерде айта кеткен жөн. 

     Жалпы, жарқын болашаққа бастайтын батыл қадамдарды арқау еткен жастар үшін бұл Жолдау ерекше маңызды. Келер жылы көкейде жүрген көп мәселелер шешіліп, жастардың талап, тілегі орындалады деп ойлаймын. Сонымен қатар, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауы жасалып жатқан жұмыстардың бағыт-бағдарын тағы бір айқындап бергендей болды. Жолдауда әлемдік бәсекелестікте дамыған отыз елдің қатарына кірудің айқын жолдарын көрсетіп берді. Президент қарқынды экономикалық даму жолына бет алған еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асырып, 100 нақты қадам – Ұлт жоспары бойынша реформаларды сәтті жүргізіп, индустрияландыру саласын өркендету жолында да жүйелі жұмыстар атқарғанын атап айтты. Елбасымыз «Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз» енді алдымыздағы асулардан сүрінбей өтіп, жаңа жетістіктерге қол жеткізуге құлшындыратыны шын! «Кәрі келсе сыйлап қол бер, жас келсе сыйлап жол бер» дейді дана халқымыз. Келешек-кемел білімді ұрпақта, жалынды жастардың қолында. Еліміздің ертеңі үшін барлығымыз бірлесіп жұмыс жасайық!

Байрон М.Ж.