ХІХ Республикалық Абай оқулары
21-25 тамыз күндері Семей жерінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ХІХ Республикалық Абай оқулары байқауы өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас дарындарға Қалқаман Сарин, Жанат Әскербекқызы сынды белгілі ақындар, ғалымдар төрелік етті. Бұл сайыста да облыс намысын арқалаған гимназия оғландары намысты қолдан бермеді! Нәтиже келесідей:
- Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда (ақындар) - Ердәулет Абдираимов - ІІІ орын,
- Өлең-сөздің патшасы, сөз-сарасы бағытында (жаттау) - Даяна Жаябаева - ІІІ орынға ие болды.
Айта кететін жәйт Даяна Хәкім Абай мен Шәкәрім аталарымыздың 310 өлеңін жаттаған. Жетекшілері: Қайрат А.Қ., Мұxамеджанова Р.Ж., Мақсатxан А.
Облыс намысын абыроймен қорғаған шәкірттеріміз бен ұстаздарын, ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!

