Туған жерім-алтын бесігім!
Сүйінші!
Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген "Туған жерім-алтын бесігім!" атты облыстық жас ақындар мүшәйра конкурсында III орынды иелеген Гүлнара Жанболатты шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуы көп болсын! Жанболаттың шығармашылығымен таныс болыңыздар.

О, туған жер, Кереку-киелі аймақ!
Перзентің ем төсіңнен сыр ұғынған,
Тұшынып түлеп өстім тұнығыңнан.
Құшағыңда жүргенмен қорқам кейде
Қадіріңді білмеген қылығыммен.
О, туған жер, Кереку-киелі аймақ,
Алла нұры аспаннан сүйеді ойнап.
Аңсаған сендей асыл ата-жұртым
Менің жаным қандасты күйеді ойлап.
Көз сүрінер көшемнің көркіне анық,
Өткеннің де қояды өрті қарып.
Туған жердің тарихын теңдеп алып
Қара Ертістің барады толқыны ағып.
Далаңда өтсе де ұрыс кескілескен,
Бүгінгі күйің басқа көшке ілескен.
Отаным деп кеудесін оққа тосқан
Оғландарын шығармас ешкім естен.
Тәуелсізбіз. Халықпыз Егеменді,
Туған жерге тер төгу керек енді.
Танымал тұлғаларға тұғыр болып
Кереку кеңейте бер керегеңді!
Гүлнара Жанболат
