Спорт-денсаулықтың бір бөлігі
Қайырлы күн құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін біздің гимназияда "Спорт-денсаулықтың бір бөлігі" атты денсаулық фестивалі өтті.Аталмыш фестиваль мектеп директоры Омаров Бақытжан Шайманұлының құттықтау сөзімен басталды.Ал іс-шара жоспарымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Искаков Арман Сабырбекұлы таныстырды.
________________________________
Ұстаздар мен оқушылар арасында төмендегідей ойын түрлері көрсетілді.
1."Пионербол"
2."Үстел теннисі"
3.Эстафеталық ойындар
4."Асық ату"
5."Бес тас" ойыны
6."Тоғызқұмалақ"
7.Эстафета 4x60м
8.5-6 сыныптар арасында "Көңілді сөре"ойындары ұйымдастырылды.Сондай-ақ шәкірттер асфальтқа түрлі түсті бояулармен суреттер салып,шығармашылықтарын шыңдай білді.
_______________________________
Фестивальдің маңызды мақсаттарының бірі - оқушыларды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру және салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады.Яғни дені сау, білімді, зердесі жан-жақты, ақыл-ойы, дүниетанымы қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді.
_____________________________
"Бірінші байлық-денсаулық"деген, ал сол денсаулықтың кепілі-спорт.Аталмыш спорттық ойындарға гимназия-интернатымыздың ұстаздары мен оқушылары асқан қызығушылықпен қатысып белсенділік танытты.Фестиваль қорытындысы бойынша спорттық шараларға жауапкершілікпен қатысқан сынып оқушылары мен ұстаздар марапатталды.Осындай игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ."Дені саудың тәні сау" демекші, гимназия ұландарына спортты өмірлік серік ете біліңіздер демекпіз.

