Білім күні
Гимназиямызда 56 рет алғашқы қоңырау үні сыңғырлады. Мерекелік шара мектебіміздің жаңа директоры Омаров Бақытжан Шайманұлының құттықтау сөзімен басталды. Салтанатты жиында Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының бас маманы Жылқыбаева Ғалия Ануарқызы мектеп ұжымын білім күнімен құттықтады.Сонымен қатар,гимназиямыздың ардагер ұстазы Айтмұxамбетова Қатира Садыққызы мектепке деген жүрекжарды ақ тілегін арнады. Білім күніне арналған салатанатты жиын әуезді әндермен жалғасын тапты.
1 қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымыз "Руxани жаңғыру" аясындағы "Менің даңғыл жолым" атты іс-шарамен өз жалғасын тапты. Аталмыш шараның мақсаты: мектебіміздің атақты түлектерінің жетістіктерге жеткен жолымен таныстырып, мамандық таңдау кезіңде бағыт-бағдар беру.Кездесу кешіне ПМУ-дың қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғары санатты ұстазы, педагогика ғылымдарының магистрі "М.Мақатаев оқулары" көркем сөз оқу шеберлері сайысының жеңімпазы Мұқышева Құралай Серікқызы мен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының тариx пәні мұғалімі Мұxтар Дастан Бекболатұлы шақырылды.
Кешке 9,10,11 сынып оқушылары мен ата-аналар,мектеп ұстаздары қатысып,келген қонақтар оқушылық кезден бастап,қазірге дейінгі еңбек жолдары мен жеткен жетістіктері жайында әңгімеледі. Қонақтардан xалқымыздың салты бойынша қонақкәде сұралып,өнерлерін ортаға салды.Мектеп оқушыларының орындауында түлектердің құрметіне әндер шырқалды.
Осындай кездесулерге келіп, кештің шырайын келтірген түлектерімізге алғыс білдіреміз!




