World Robot Olympiad-2018 роботтехника олимпиадасының желілік кезеңі

2018 жылғы 28 сәуір күні Назарбаев зияткерлік мектебінде World Robot Olympiad-2018 роботтехника олимпиадасының желілік кезеңі өткізілді. Біздің мектептен үш команда қатысып, екеуі жеңіске жетті. «Altyn Team» командасы – Каббар Ақдаулет, Наурызбай Мейрамбек – Regular Junior (Негізгі орта) категориясы бойынша І орынға, ал «Alt-Team» командасы – Елтай Айдар, Валихан Тамерлан – Sumo: Walking Robots (Сумо: қадамдап жүретін роботтар) категориясы бойынша ІІ орынға ие болды. І орын алған «Altyn Team» командасы роботтехникасынан Республикалық чемпионатқа жолдама алды. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған информатика және роботтехникасы пәнінің мұғалімі Солтаналинов Қайрат Ыдырысұлы.
Құттықтаймыз!
