Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі

     2018 жылдың 21 сәуірінде мектебімізде Наурыз мерекесі аталып өтті. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін халқымыз ежелден қадір тұтып, 40 күн бойы тойлаған. Наурыз – жақсылықтың жаршысы,  бәріміз асыға күткен шырайлы көктеммен келетін жыл басы. Наурыз – достық пен бірліктің мерекесі. Мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздар ұжымы белсене ат салысты. Мектеп ауласына киіз үй тігіп, ұлттық үлгідегі бай дастарқан жайылып, әсем ән шалқыды, әсем күй төгілді, бишілер би биледі.