Ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаевпен кездесу
2018 жылдың 17 сәуірі күні Павлодар қаласындағы оқушылар сарайында республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, танымал айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаевпен мектебіміздегі жас ақындар тобы кездесуге барды. Исі қазақ өңіріне белгілі, айтыс өнерінде өзіндік стилі, поэзияда өз өрнегі бар ақын Аманжол Әлтаев айтыс өнеріне қалай келгенін айтып берді. Кездесуге келген оқушыларымыз ақынға жан-жақты сұрақ қойып, сұрақтарына тиісті жауап алды. Айтулы ақын айтыста жеңіске жетудің сыры – еңбекте, білімде екенін айтып, жастарды туған елге, ұлтына адал қызмет атқаруға шақырып, өнегелі әңгімелерімен бөлісті. Жалынды жырларын оқып, домбырамен ән шырқады. Көрермен қауымды ақын өлеңдері өзіндік ерекшелігімен, қаламгерлік шеберлігінің кемелдігімен таңдандырады.


