«Мамандық таңдау – келешекті таңдау»
2018 оқу жылының 23 ақпанында 9 «б»-сынып оқушыларының қатысуымен «Мамандық таңдау – келешекті таңдау» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушылар он кезеңнен тұратын тәрбие сағатына белсенділік танытты. «Мен мамандық таңдаймын» атты бейнероликте өздері берген сұхбатты тамашалап, алған әсерлерін ортаға салды. «Кәсіби бағдар» ойынында оқушылар аталған мамандықтардың сыныптастарының ішінде кімге үйлесетінін анықтап, өзіндік көзқарасын, пікірін дәлелмен жеткізді. Жауапты: 9 "б"-сынып тәрбиешісі Жармағамбетова Д.Қ.



