Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Мейірімділікті анадан үйрен!» атты тәрбиелік‑танымдық сұхбат кеші

     2018 жылдың 2 наурыз күні мәжіліс  залында қоғамдағы ананың орнын түсіну әрі аналарды құрметтеу арқылы туған  жерге деген сүйіспеншілікті арттыру  мақсатында  Павлодар қаласындағы республикаға танымал «Нұр - Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі мүшелерімен мектептің жоғары сынып қыздары  арасында  «Мейірімділікті  анадан  үйрен!» атты тәрбиелік‑танымдық сұхбат кеші өтті. Қатысқандар: 7,8,9,10‑сынып қыздары, ұстаздар мен  ата-аналар.

     Кешті жас маман Букурова Салтанат Болатовна мен 10-сынып оқушысы Гүлнар Жанболат жүргізді. Кездесу кешіне «Нұр - Ана  әлемі»  қоғамдық  бірлестігінің  жетекшісі  Максилова Бақытжамал  Шаханқызы мен Алпысбек  Нұр  Әлімғалықызы келді.

     «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп халқымыз айтқандай, рухани құндылықтарды насихаттап жүрген ардақты аналар кештің көркін кіргізіп, тақырыпты танымды толғаныстарымен талқылап, салиқалы ақыл-кеңестерін ортаға салды.

     Аяулы аналардың құрметіне «Айжанқыз» би тобының бишілерінің орындауында «Қазақ биі», жас толқын өнерлі оқушылардың орындауында әннен шашу шашылды.

     Осы іс-шараның өтуіне  5 а сынып ата-аналарының да қосқан үлестері зор болды.