«Дарабоз» танымдық сайысы
2017 жылдың 8 ақпанында 7-сыныптар арасында «Дарабоз» танымдық сайысы өтті. Оқушыларды туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру мақсатында өткен сайысқа оқушылар белсене қатысты. «Дарабоз» сайысы V кезеңнен тұрды: 1-кезең: «Сәлем-сөздің атасы»; 2-кезең: «Кім, жылдам?»; 3-кезең: «Полиглот»; 4-кезең: «Сәйкестендіру»; 5-кезең: «Бәйге». Жарысқа қатысқан «Жасұлан», «Жасқыран», «Сұңқар» топтары өз құрамын таныстырып, ұрандарын айтып, сайыс кезеңдерінде ерекше қызығушылық танытты.
Жауапты: тәрбиеші Таңсамалы Серікбаева



