Керегесі білімнен, шаңырағы бірліктен құралған білім ордасы
2018 жылғы 24 қаңтарда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысының қатысушылары мектебімізге келді. Мектепке келген қонақтарды жас ақын 11-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан арнауымен қарсы алды. Қонақтар «Ұстаздар даңқы» мұражайына, оқушылар жатақханасына, мектеп кітапханасына, оқу кабинеттеріне экскурсия жасады. Мектеп мұғалімдері дарынды оқушылармен жұмыс түрлері, жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде әдістемелік жұмыстар, көптілді оқыту тәжірибесімен (ағылшын тіліндегі биология сабағы), олимпиадалық зертхана жұмыстарын таныстырды. Мектеп спортзалында «Көңілді старт» эстафеталық жарысы (5‑сыныптар арасында) өтті. Мектеп мұғалімдерінің, оқушылардың жетістіктері мен оқушылардың қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Кеңейтілген кеңеске келген мұғалімдерге арнап мектебіміздің «Мүшәйра» жас ақындар, «Қос ішек» домбыра, «Алау», «Әуен» вокал, «Айжан қыз» би үйірмелерінің өрендері өнерлерін көрсетті.





