«Жарқын болашақ» Х республикалық «Білім-инновация» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі
2018 жылғы 8 ақпанда Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында «Жарқын болашақ» Х республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден әр бағыт бойынша 5 оқушы қатысты. Нәтижесінде, «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша 8«б»-сынып оқушысы Тлеубек Ерқанат (жетекшісі Ризабек Жанұзақұлы), «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша 11«б»-сынып оқушысы Бәкібай Толғанай (жетекшісі Касыбаева Майра Бағдатқызы) ІІІ орынды иеленді.
Жүлдегер оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз.

