Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің V Халықаралық шығармашылық байқауы

2017 жылдың 1-2 қарашасы аралығында мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Солтаналинов Қайрат Идрисович Алматы қаласында өткен математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің V Халықаралық шығармашылық байқауына қатынасып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Қазақ руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім"- депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі әлі күнге дейін құнын жойған жоқ. Бұл сөз Қайрат мұғалімге арнап айтылғандай. Себебі  ұстазымыздың шәкірттері де облыстық байқауларға қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінуде. Қайрат Идрисовичті жеңісімен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке, еңбегіңізге табыс тілейміз. 
Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбегіңіз ақтала берсін!