Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты облыстық конкурсы

2017 жылдың  3 қарашасында мұғалімдер мен оқушылар арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдер мен оқушыларды қолдау мақсатында №16 лицей-мектебінде  «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты облыстық сайыс өтті. Сайысқа мектебіміздің 6, 7 және 11-сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде «Оқыту пpoцeciн бағдарламалық қамтамасыз ету» бағыты бойынша 11 «б»-сынып оқушысы Ғазизов Зейнолла (жетекшісі: Кенжебаева Д.К.) І орын жүлдегері болса, 6-сынып оқушысы Еламан Әлімжан «Бағдарламашы оқушы» номинациясын иеленді (жетекшісі: Тлеулесова А.А.). «Lego-мен жасалған робототехника жобалары» бағыты бойынша 11 «а»-сынып оқушылары Смаилханов Айбат пен Исеев Адиль (жетекшісі: Солтаналинов К.И.)  І орын жеңімпазы атанды.

Жүлдегер оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне беріңіздер!