Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Алаш арыстары» облыстық жас ақындар мүшәйрасы

     Биылғы жыл еліміз үшін атаулы күндерге толы болды. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларды естен шығармағанымыз жөн. Тарих сахнасында сонау ХХ ғасырда құрылған «Алашорда» үкіметіне бүгінде 100 жыл. Елдің іргетасын қалап кеткен осы партияның атқарған ісі мен ерен еңбегі бүгінде халқымыздың есінде.  Оның дәлелі - жиырмасыншы қыркүйекте (20.09.2017) өткен С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Алаш арыстары» облыстық жас ақындар мүшәйрасы. Мүшәйраның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі келбеті мен мемлекеттігіміздің  негізі болып табылатын алғашқы заманауи саяси Алаш партиясы  мен  «Алашорда» үкіметінің арыстарына тарихи баға беру.  Мүшәйраға 10-сынып оқушылары қатынасты. 3 оқушы: 11 «а»-сынып оқушысы Сарыбай Құдірет, 10-сынып оқушылары Абдраимов Ердәулет, Оразбай Марлен өз өлеңдерін жолдаған болатын. Мүшәйраның қорытындысы бойынша  Абдраимов Ердәулет - ІІ орын жүлдегері. Сарыбай Құдірет, Оразбай Марлен -  Алғыс хат иегерлері. Жүлдегер оқушылар дипломмен қатар ақшалай сыйлықпен марапатталды.  Жас қырандай жыр додасына қанат қағып келе жатқан жас ақындарымызды жеңістерімен құттықтап,  шалқар шабыт, шығармашылық табыс тілейміз.