Х Президенттік олимпиадасының аймақтық кезеңі
Республиканың барлық өңірлерінде 2017 жылғы 28 қыркүйек күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 11-сынып оқушылары арасында Х Президенттік олимпиадасының аймақтық кезеңі бастау алды.
Олимпиаданың ІІ іріктеу кезеңі 2017 жылғы 18 қазан күні барлық аймақтарда бір мезгілде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Интерактивті студиясының желісі арқылы өткізіледі. 2 тур бойынша – қашықтықтан және шығармашылық (эссе жазу) – өткізілетін іріктеу кезеңіне аймақтық кезеңінің 4 пәннен жинаған ұпайларын қосу арқылы анықталған 20 жеңімпазы қатысады.
ІІ іріктеу кезеңіне біздің мектебімізден 11-сынып оқушылары Исеев Адиль және Ануарбеков Алмас қатысады. Іріктеу кезеңінің 2 тур нәтижелері бойынша республикалық ұйымдастыру комитеті Х Президенттік олимпиадасының қорытынды кезеңінің қатысушылар тізімін анықтайды.
