Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Дәстүрлі Оралхан Бөкей оқуларының қалалық кезеңі

     Павлодар қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 30 мамырда өткен Дәстүрлі Оралхан Бөкей оқуларының қалалық кезеңіне мектебімізден  10-сынып оқушысы Оразбаев Марлен қатынасты. Естай атындағы қалалық Мәдениет сарайында өткен мәнерлеп оқу сайысына мектеп оқушыларымен қатар студентер және жас мамандар да  бақ сынасқан болатын. Қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған аса көрнекті жазушы, ерекше талант иесі Оралхан Бөкейдің  прозалық, драмалық және поэзиялық шығармаларын жатқа оқудан отызға тарта үміткерлер арасынан ерекше мәнерлігімен, біліктілігімен оқ бойы оза шауып, Марлен бас бәйгені қанжығасына байлады. Сайыстың нәтижесі бойынша 06.09.2017 жылы өткен облыстық кезеңіне қатынасып, «Өрелі өрен» номинациясы бойынша марапатталды. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұхаметжанова Райгүл Жетпісқызы.

     10-сынып оқушысы Оразбаев Марленді жеңісімен құттықтап, болашақта алар асуы, шығар биігі көп болсын деп тілейміз.