Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Гимназист күні

     22 қыркүйек  сағат 12.00-де мектебімізде 5-сынып оқушыларын гимназия оқушысы қатарына қабылдауға арналған «Гимназист күні» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оразбаева Кулязи Кабдулловна сөз сөйлеп, осы оқу жылында гимназия табалдырығын алғаш аттап отырған 5-сынып оқушыларына сәттілік тіледі. 5 «а», 5 «ә», 5 «б», 5 «в»-сынып оқушыларын гимназия қатарына қабылдау құрметі 11-сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне берілді. Жиын барысында жас гимназисттер жақсы оқуға, туған жерін, туған елін, ана тілін, салт-дәстүрін қастерлеуге ант берді. Мектебіміздің «Айжан қыз» бишілер тобы би билеп, жас ақын Абдираимов Ердәулет(10-сынып) жас гимназисттерге жалынды жырын арнады. Салтанатты жиында 5-сынып ата-аналары қатынасып, ата-аналар атынан Садыгазина Мархабат Сарсенбаевна өз тілегін білдірді. Патриоттық әндер орындалып, жиын мерекеге ұласты.