«М.Әуезов – әлем таныған тұлға» конференциясы
Еліміздің аяулы перзенті, бір туар азаматы, ұлттық әдебиетіміздің мақтанышы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына байланысты он төртінші қыркүйекте (14.09.2017) С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «М.Әуезов – әлем таныған тұлға» тақырыбында өткізілген конференцияға мектебіміздің 10-сынып оқушылары қатынасты. Конференцияда өңіріміздің белгілі ғалымдары, мәдениет қайраткерлері қатынасты. Оқушылар М.Әуезовтің жазушылық шеберлігі, ғылыми қызметі, ұстаздық жолы, мәдениет және ағарту саласындағы қызметі жайлы мәліметтермен танысты. 10-сынып оқушылары Илимхан Ақерке мен Гүлнара Жанболат бүкіл әлем мойындаған заңғар жазушының өмір жолы мен шығармашылығы жайында баяндама жасады.


