Республикалық Мағжан оқулары
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында 2017 жылдың 23-24 маусым аралығында қазақ поэзиясының жарқын жұлдызы, алты алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау және жас ұрпақтың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында Республикалық Мағжан оқулары өтті.
Біздің мектептен 2 оқушы қатынасты: «Толқынмен толқын сырласып...» - ақынның шығармалары бойынша зерттеу жұмыстарды қорғау бағыты бойынша 10-сынып оқушылары Изюмская Жанна мен «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар сайысына Оразбай Марлен. Ұлы ақынның ұлт тағдырындағы алатын орнын сезініп, туып-өскен жерінің шежірелі тарихы туралы құнды мәліметтермен танысып, сұлу табиғатын, осы өңірде өмір сүріп жатқан халықтың ақ пейілі достық құшағын, дарқан көңілін көріп келген оқушыларымыз Павлодарға жүлделі орындармен оралды. Республикамыздың әр өңірінен жиналған сайыскерлердің арасынан Оразбай Марлен І орын, Изюмская Жанна ІІІ орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жетекшілері – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұхаметжанова Райгүл Жетпісқызы. Өңіріміздің намысын қорғап, жеңіспен оралған оқушыларымызды құттықтап, өмір баспалдағында да жеңімпаз болуына тілектеспіз.


