Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Тіл апталығы

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы бойынша 2017-2018 оқу жылының 11.09-22.09 аралығында «Тілдер апталығы» шеңберінде өткізілетін

«Ұлттық құндылық негізі- тіл» атты апталықтың жоспары

Іс-шаралар мазмұны

Өткізілетін мерзімі, орны

Жауапты

1.

1.«ҚР Тіл туралы» ҚР Заңын іске асыру жөніндегі мекеменің іс-шаралар жоспарымен таныстыру.

2.«Тіл- рухани қазына» атты  кітап көрмесін ұйымдастыру.

3.«Тіл тағдыры- ел тағдыры» атты тіл мерекесінің  ашылу салтанаты

13.09.2017 ж, сағат 15.00

 

Кітапхана

 

Мәжіліс залы

 «Руханият»ӘБ

 

 

Қайырова Д.Қ.

 

Мухаметжанова Р.Ж.

Абаева А.Т.

2.

Қазақ тілінде тақырыптық, анимациялық фильмдер көрсетуін ұйымдастыру.

Апта бойы

Солтаналиев Қ.И. ТілеулесоваА.А.

3.

«Тіл- сарқылмас қазына»

(шығармалар сайысы, 5-9-сыныптар)

Қабырға газетін шығару (8-10-сыныптар)

11.09-22.09

 

Апта бойы

«Руханият»ӘБ

 

4.

«What? Where? When?»  8-сыныптар арасында танымдық сайыс

14.09.2017ж.

11-кабинет

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері

Сарсекеева А.Т.

5.

« Лидер XXI  века » атты 7-8-сынып оқушылары арасында  танымдық сайыс

 

 

15.09.2017ж сағат: 15.00

№19 кабинет

Орыс тілі  пәнінің мұғалімдері

Жауапты: Бекенова Қ.Қ.

Жексембаева Г.Т.

6.

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы шеңберінде 2017 жыл таңдауы- С.Торайғыров шығармашылығына арналған “Ақындардың сұлтаны - Сұлтанмахмұт» атты әдеби кеш  (6-8-сыныптар)

19.09.2017ж.

Сағат: 15:00

Мәжіліс залы

Окпина Б.М.

Касыбаева М.Б.

7.

«Латын тіліне көшу керек пе?» атты

9-10-сыныптар арасында ойкөкпар (дебат) сайысы

 

20.09.2017ж.

Сағат: 15.00

№21 кабинет

Тарих пәнінің мұғалімдері

Кәрімжан Ж.Т.

Мұхтар Д.Б.

Сәрсенов Т.М.

8

Ата-аналар арасында мектепте  үш тілде оқытуды енгізу туралы түсіндіру.           

( Мектеп сайтына материалдар жариялау)

Ай ішінде

Солтаналиев К.И., ағылшын тілі, биология,  физика пәнінің мұғалімдері.

9.

«Тіл– халықтар достығының алтын кілті» атты фестиваль  (Апталықтың жабылуы, марапаттау)

22.09.2017ж.

Мәжіліс залы

15:00

«Руханият»,  «Дарын», «Словесность» ӘБ 

Қайрат А.Қ. ,Ахметова Г.Қ.

Төлеу Ұ.,Сәрсенов Т.М., Мұхтар Д.Б., Жексембаева Г.Т.

10.

«Дарын News» журналының шығарылуы  

Ай ішінде

Окпина Б.М

 

 

 



 

«Ұлттық құндылық негізі - тіл» атты апталық

 

     Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің  салтанатты ашылу салтанаты 13 қыркүйек күні «Тіл тағдыры - ел тағдыры» тақырыпта өтті. Ашылу салтанаты мемлекеттік тіл туралы ұлылардың айтқан пікірлерін қамтитын бейнефильммен басталды.

     Үш тілде жүргізілген салтанатты жиын әрі қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен жалғасты. Үш тілде  өлең оқып, өз өнерлерін паш еткен өрендер өздерінің тілге деген сүйіспеншіліктерін жеткізе білді.

 

 

     Жиын барысында апталықтың жоспарымен таныстырылды. Мектебіміздің кітапханашысы Д.Қ.Қайырованың ұйымдастыруымен «Тіл - рухани қазына» атты  кітап көрмесі мектеп оқушыларына таныстырылды. Ашылу салтанатына жауапты: «Руханият» әдістемелік бірлестігінің ұстаздары А.Т.Абаева, Р.Ж.Мұхаметжанова.

     14 қыркүйек күні «What? Where? When?»  8-сыныптар арасында ағылшын тілінен танымдық сайыс өтті. Сайыс нәтижесінде 8 «а»-сынып оқушылары жеңіске жетті. Жауапты: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сарсекеева А.Т. Ал 15 қыркүйекте «Лидер XXI  века» атты 7-10-сынып оқушылары арасында  орыс тілінен сайыс ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысы бойынша 10-сынып оқушылары  Жұманов Қуатбек, Амангелді Сұлтанбек, Муслимова Лана, Наурызбай Гүлмәркен, Апенова Камила, Ахмедеева Диана терең білімі мен біліктілігін танытқаны үшін марапатталды. Жауапты орыс тілі пәнінің мұғалімдері Бекенова Қ.Қ., Жексембаева Г.Т.

     19 қыркүйекте «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы шеңберінде 2017 жыл таңдауы С.Торайғыров шығармашылығына арналған “Ақындардың сұлтаны - Сұлтанмахмұт» атты әдеби кеш 6-8-сыныптар арасында болды. Оқушылар қазақ көгіне «өрмелеп шығып күн болуды» ойлаған, қазақ халқының кемеңгер перзенті С.Торайғыровтың өлеңдерін жатқа оқып, шығармашылығы мен өмір жолынан ғылыми шолу жасады. Төкен Асылхан (6 «б»), Саулет Шапағат (6 «б»), Нұрахмет Диана (6 «б»), 8 «а»-сынып оқушылары Құрманбай Назерке, Ахмедеева Лиана, 7 «б»-сынып оқушысы  Ахметова Шолпан, 10-сынып оқушысы  Гүлнара Жанболат, 11 «б»-сынып оқушысы Токибаева Лаура, 10-сынып оқушысы  Абдраимов Ердәулет, 11 «б»-сынып оқушылары Шарапиден Аида, Жанбау Марғұлан белсенділік танытты. Жерлес ақынымыз С.Торайғыров туралы бейнефильм көрсетілді. Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Окпина Б.М., Касыбаева М.Б.

 

 

     Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Тіл – сарқылмас қазына» атты шығармалар сайысында  терең білімі мен біліктілігін танытқан оқушылар: 5 «б»-сынып оқушысы Хасанова Жансая, 6  «б»- сынып оқушысы   Денден Аяулым, 8 «б»-сынып оқушылары Оспанова Риза, Шәмшиден  Жібек, Аулабаева Зарина, 7 «б»-сынып  Жаңбырбай Арайлым  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.   5 «б»-сынып оқушысы Кендиров Қазбек, 7  «б»- сынып оқушысы  Тәкіш  Әйгерім, 6 «б»-сынып оқушысы Жилжанова Анель, 9«а»-сынып оқушысы Бекмұхамбет Ділзат ІІ дәрежелі дипломмен,  5 «а»-сынып оқушысы   Асығатұлы  Шыңғыс, 8 «а»-сынып оқушысы Әубәкір Жандос І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері.

     20 қыркүйекте «Латын тіліне көшу керек пе?» атты 9-10-сыныптар арасында ойкөкпар (дебат) өтті.Тапқырлығы мен шешендігімен көзге түскен, ой ұшқырлығымен дараланған  9 «б»-сынып оқушылары  Ергаипов Алдияр мен  Жанболат Назерке, 10-сынып оқушылары  Наурызбай Гүлмәркен, Муслимова Лана марапатталды.

    «Тұғыры биік, өрісі кең қызыл тіл!» атты қабырға газет шығаруда  8 «б»-сынып оқушыларының газеті танылды. 

     22 қыркүйекте «Тіл – халықтар достығының алтын кілті» атты Тілдер мерекесіне арналған апталықтың жабылу салтанаты өтті. Шона Смаханұлының «Қойыртпақ» сықақ өлеңі желісінде  5 «а»-сынып оқушылары Смағұл Әли мен Серік Алмат, 5«б»-сынып оқушысы Ардагелді  Аяулым  шағын   көрініс көрсетті. Мектептің жас өнерпаздары әсем әндерімен, мың бұралған  билерімен, домбырашылар оркестрі көрермендерді тәнті етті. Тіліміздің тұғыры қашанда биік болсын!