Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Сенен артық адам жоқ....» атты облыстық шығармалар байқауы

     8 наурыз  Халықаралық  әйелдер мерекесіне орай  «Менің анамның портреті», «Сенен артық адам жоқ....» тақырыптары бойынша облыстық білім беру басқармасы шығармалар байқауын жариялаған болатын.  Шығармалар конкурсына жалпы білім беру және мамандандырылған мектептердің 5-9 сынып оқушылары қатысып, барлығы 159 шығарма ұсынған.

     Байқау қорытындысы бойынша, 1-орынды мектебіміздің 6-сынып оқушысы Нұрсая Олжатай (жетекшісі – Р.Ж. Мұхаметжанова),  2-орынды  7-сынып оқушысы Жандос Әубәкір (жетекшісі – Б.М. Окпина) еншіледі. Әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, мектеп мақтанышы бола беріңдер!