Естай Беркімбайұлына арналған «Жарық жұлдыз» атты «Жасын» жобасының танымдық-зияткерлік сайыс кеші
Наурыз айының 3 жұлдызында Шаңырақ мәдениет үйінде қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазССР-нің еңбек сіңрген өнер қайреткері Естай Беркімбайұлына арналған «Жарық жұлдыз» атты «Жасын» жобасының танымдық-зияткерлік сайыс кеші өтті. Бұл кеште Ы.Алтыннсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернаты, Қазақ-түрік ұлдар лицейі және облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған гимназия-интернат оқушылары бағын сынады.
Сайыс ақын-сазгердің өмірі мен шығармаларын қамтыған 7 кезеңнен тұрды. Аталмыш сайыста біздің гиназия-инертнатының оқушыларынан құралған «Тапқырлар тобы» белсенділік танытып, жүлделі І орынды иеленді.
Бұл кеште оқушылар тек бағын сынап қана қоймай, сонымен қатар жерлес ақынымыздың әндерінен сусындап, мақтаныш сезімдері оянып,керемет әсер алып қайтты.


