Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Жас бағдарламашылар жетістігі

     Облыстық қазақ гимназия-интернат оқушылары Алмас Ануарбеков, Әділ Исеев пен Әли Жетпіс робототехника сабағында жол күзетуге арналған дирижабль қағидасы негізінде ұшатын, басқарылатын роботты құрастырды.
     Мектебіміздегі информатика және робототехника мұғалімі Қайрат Ыдырысұлы Солтаналинов:

     - Бұл робот MindStorms EV3 лего-конструкторы негізінде құрастырылған, оны үлкен мерекелер кезінде көпшілік жиналған жерде тәртіп қарау үшін, іздеу және зерттеу жүмыстарында, панорамалық фото-бейне түсірілімдерде, жарналамаларда пайдалануға болады,-деді өзінің сұхбатында.

     Робот шарлардың көмегімен ауада ұша алады. Оның ұшу бағыты Bluetooth қосылым арқылы джойстикпен басқарылады.

     Бұдан басқа жас программистер қазіргі кезде құтқарушы-робот жасап жатыр. Оның бейнекамерасы бар. Ол роботты қашықтықтан басқарып, бақылауға мүмкіндік береді. Оны компьютер мониторындағы сурет бойынша басқаруға болады. Бұл шынжыр табанды зерттеуші машина MindStorms EV3 легосы негізінде құрылған. Жас бағдарламашылар мен ұстазына қажымас талап пен еңбектеріне жеміс тілейміз!