Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық пән олимпиадасының қорытындысы
Наурыз айының 24-29 аралығында Ақтау қаласында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадасы болып өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық оқушы қатынасты. Павлодар облысынан облыстық пән олимпиадасының 35 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Оның ішінде 23 оқушы республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан көрінді. Жалпы командалық есепте Павлодар облысы І орынға ие болып, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2017» атанды.
Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Смаилова Гүлден құқық пәні бойынша II дәрежелі дипломмен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Шарапиден Аида және 11-сынып оқушысы Көбеш Наргиз «Дарын» грамотасымен марапатталды. Орыс тілі пәні бойынша 10-сынып оқушысы Алмас Ділназ Құрмет грамотасына ие болды. Жеңіс тұғырынан көрінген шәкірттерімізді және дайындаған ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!


