«Алаштың асыл мұраты» атты облыстық жыр мүшәйрасы
15 ақпанда Лебяжі ауданы әкімдігінің қолдауымен, Аққу аудандық «Өнер» мектебінің ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының – 100 және Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың – 150 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Алаштың асыл мұраты!» атты ақындардың облыстық жыр мүшәйрасы болып өтті.
Мақсаты – ел ішіндегі балғын дарындардың өнер өлкесіне деген құлшынысын арттырып, тарихи танымдарын кеңейтіп, өрнекті өлеңдерімен ата-бабамыздың аңсары, алаш арыстарының арманы теңдессіз тәуелсіздігіміздің құнын арттырып, азат таңымыздың шуағына шомылған бақытты заман мен егемендіктің қадірін дәріптеу.
Еліміздегі дәстүрлі өнер жазба ақындықты кеңінен насихаттап, ана тілінің қадір-қасиетіне тереңдеу жане ұрпақтан ұрпаққа жалғау болып табылады.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан Бас жүлдені қанжығасына байласа, 9-сынып оқушысы Абдираимов Ердәулет «Жауһар жыр» номинациясымен марапатталды. Дүбірлі додада бәйгемен келген жас тұлпарларға қаламдарың мұқалмасын, шабыттарың шарықтай берсін демекпіз!

