«Ұлағатты ұстазға мың тағзым» атты шахмат турнирі
2017 жылғы 22 ақпанында Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері - Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлының 80 жас мерейтойына арналған облыстық мамандандырылған мектеп оқушылары арасында «Ұлағатты ұстазға мың тағзым» атты шахмат турнирі ұйымдастырылды. Жарыс облыстық білім беру басқармасының қолдауымен өтті.
Жарыстың ашылуына мерейтой иесі Мақажан Несіпбайұлы өзі қатысты. Шахмат турниріне 12 мектептің командасы шеберліктерін көрсетті. Қорытындылай келе, 1-орынды Абай атындағы №10 мектеп-лицейінің оқушылары, 2-орынды №3 дарынды балаларға арналған гимназиясы, 3-орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушылары иеленді.


