Облыстық Мағжан оқулары
2016 жылдың 22 желтоқсанында облыстық білім беру басқармасы мен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде IV облыстық «Мағжан оқулары» конкурсы өтті.
Мақсаты – Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру аясында, жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету, жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, дарынды оқушыларға қолдау жасау.
Байқау қорытындысы бойынша, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас дарындар номинациясында 9-сынып оқушысы Оразбаев Марлен II дәрежелі дипломды қанжығасына байласа, «Толқынмен толқын сырласып...» – М.Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары бөлімінде 9-сынып оқушысы Изюмская Жанна I дәрежелі дипломмен марапатталды. Алар асуларың мен бағындырар белестерің көп болсын!


