«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды-танымдық сайыс
12.12.16 күні Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 7-сыныптар арасында «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды-танымдық сайыс өтті. Топтық сайыс 6 кезеңнен тұрды:
«Таныстыру» (Әр топ өзін таныстырады, яғни топтың аты, ұраны, эмблемасы болуы шарт), «Шығармашылық тапсырма», «Сөз асылы – мақал» – мақал-мәтел жарысы, «Кім жылдам», «Тарих тағлымы», үй жұмысы – «Білім – жанып тұрған шырақ, Өнер-ағып жатқан бұлақ». Соңғы кезеңде әр сынып «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» өз арнауларын ұсынды. Әділқазы мүшелері тек баға берумен шектелмей, оқушыларды құттықтап, тағлымды ойларымен бөлісті. Әр кезеңнен сүрінбей өткен жүйріктер кеш соңында жүлделі орындармен марапатталды.


