«Жасыл экономика», «Жасыл энергетика» бағыттары бойынша үлгілер конкурсы
«Жасыл экономика» – бұл экономика ғылымындағы жаңа бағыт, экономика, адамдардың әл-ауқатын арттырады және қоршаған ортаны айтарлықтай жақсартады, табиғи ресурстардың тапшылығын азайтады, биоәртүрлілікті жоғалтуын болдырмайды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн шеңберінде халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне арналған «Жасыл экономика», «Жасыл энергитика» бағыттары бойынша облыстық үлгілер конкурсында мектебіміздің 6-сынып оқушылары Асаинов Ернур мен Сейілханов Рахат II орын иегері атанды. Ғылым теңізінде қанаттарың талмасын!

