Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Спорт - сенің серігің!» атты көңілді мәре жарысы

     2016 жылдың  21 желтоқсанында 5-сынып оқушылары арасында «Спорт - сенің серігің!» атты көңілді мәре жарысы өткізілді. Жарыстың мақсаты- оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдылықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру,  оқушылардың арасындағы бір-біріне деген  жолдастық, әділдік сезімдерін,  бір-бірімен күш сынасуға, өзін – өзі жеңе білуге тәрбиелеу.

     Жарыстың шарты бойынша 5-сынып оқушыларынан  4 ұл, 4 қыз баладан  қатысты. Жарыс мектебіміздің спорт залында өткізілді. Сайыстың өткізілуіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байжырыкова С.К. жауапты болды. Жарыс кезінде барлық оқушылардың қауіпсіздігін дене шынықтыру пәні мұғалімдері қадағалады. Көңілде мәре жарысы өте қызықты өтіп, оқушылар өздерінің ризашылықтарын білдірді.  

     Нәтижесінде, 5 «ә»-сынып «Жұлдыздар»- «Шынықсаң шымыр боларсың»,   5 «а»-сынып «Жалын-1»- «Көптің күші - бірлікте», 5 «б»-сынып  «Жалын-2», 5«в»-сынып, «Тұлпар»- «Білегі күшті мыңды жығады» номинацияларымен марапатталды.