Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Облыстық пән олимпиадасы

     2017 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 55-ші облыстық пән олимпиадасы өткізілді.

     Облыстық пән олимпиадасына 3 қаладан, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 26  команданың 733 оқушысы қатысты.    

     Биылғы жылы мектеп оқушылары үздік нәтиже көрсетті. Ал, «Ең үздік олимпиадалық команда-2017» номинациясында гуманитарлық бағыт бойынша мектебіміздің олимпиадалық құрамасы ІІІ орынды иеленді. Шын жүректен құттықтай келе,  республикалық кезеңге жолдама алған барлық шәкірттерімізге ақ жол тілейміз!