Манаш Қозыбаевтың 85 жылдығына арналған «Ұлттық тарихтың тамыршысы» атты дәріс
7 желтоқсан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, тарих ғылымының докторы, профессор, академик Манаш Қозыбаевтың 85 жылдығына арналған «Ұлттық тарихтың тамыршысы» атты дәріс өткізілді. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушылары қатысты. ПМУ-нің журналистика кафедрасының профессоры Елікбаев Серік Төлеубайұлы Манаш Қозыбаевтың тарихи еңбектеріне тоқталып өтті. Оқушылар Манаш Қозыбаев жайлы дәріс алып, өте жақсы көңіл күймен, әсермен қайтты. Ол кісінің өмір жолымен танысып, кішігірім бейнеролик тамашалады. Академиктің «Тәуелсіздік! Қандай рухты, жүрекке қандай жылы, жаныңа қандай жайлы ұғым. Жатса түсінен, жүрсе есінен кетпеген ата-бабаның ғасырлық арманы сол бір ғажайып тәуелсіздік емес пе?» деген нақыл сөзі әр ұлтжанды адамға ой салып, жүрегін селт еткізеді. М.Қозыбаевтың тағылымы зор тарихи еңбектері – жастарға ақыл аларлық дүние.





