Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«ЖАС ҰЛАН - елдің ертеңі!»

     Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жас Ұлан ұйымына биыл бес жыл толды. Содан бері мектептердегі барлық орта буындағы  5-9 сыныптарда оқитын оқушылары осы ұйымның мүшелігіне салтанатты түрде қабылдануда. Бұл бірлестік бүгінде оқушылар тарапынан қолдау тауып, оқуда озат, қоғамдық жұмыста белсенді балалардың басын қосып отыр. Мұндай шара біздің мектебімізде де, әр жылы тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады. Бұл білім ордамыздың дәстүрлі жиынына айналды. Мектебімізде  жалпы 200 оқушы Жас Ұлан құрамына кірген болса, бүгінде 90 оқушымен толығып отыр. Еліміздің тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебіміздің 5 сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының мүшелігіне қабылданды.  «Жас Ұлан» ұйымының нышаны – ел байрағы түстес көк галстуктерді байлау және төсбелгіні табыстау рәсімі мектебіміздің алыптары, бетке ұстар үздіктері бірнеше дүркін додалардың  жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілді.  

     Отанымыздың үміт артқан болашақтары туған елдің даңқын көкке өрлетіп, жерімізді гүлдендіре береміз деп ант қабылдады. Жаңа қабылданған оқушыларды мектеп директоры С.Ж.Нұртайұлы құттықтап жылы лебізін білдірді.Жиын соңы әсем әнмен жалғасты.