Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Еңбек ері - Искаков Расул Сапарұлымен кездесу

     2016 ж 5 желтоқсанында біздің мектебімізде  5 сынып оқушылары өрт сөндіру қауіпсіздігінде ерлігімен танылған халық қаһарманы Искаков Расул Сапарұлымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – халық қаһарманының жолын оқушыларға үлгі ету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту, белгілі бір мамандыққа баулу, өзін-өзі ұстау әдебіне қалыптастыру, ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау, олардың ел жадындағы ерен еңбектерін көпшілікке ұсыну. Кездесу барысында оқушылар халық қаһарманына сұрақтар қойылып, ойындар жүргізілді. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, батыр Расул ағамыздаң алғыс алды.