Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Мектеп мұражайына саяхат

    7 "Ә"  сынып оқушылары,  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Ұстаздарға тағзым!" атты іс-шаралар өтті. Оқушыларға мектеп мұражайының ашылу тарихы жайлы таныстырып өтті. 2015 жылы 1 қыркүйек Білім күні "Ұстаздар даңқы" залы ашылған болатын. Бұл игі бастаманы мектеп директоры Сүлейменов Жомарт Нұртайұлының ұсынысымен басталған болатын. "Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет" айдарында берілген стендінде мектептің директорлары туралы деректер берілген.

 

 

 

      Мұражай  жеті  бөлімнен тұрады:      

1-бөлім «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» бөлімі мектеп  директорларына арналған. Бұл бөлімді ашудағы мақсат – өз ісіне жан-тәнімен беріліп, ұтқыр ұйымдастырушылық қабілеттерімен қатар біліктілігі мен іскерлігін, жауапкершілік пен сауаттылығын, ізгілік пен телегей теңіздей білімін кейінгі ұрпақтың ой-санасына сіңіре білген  ұлағатты ұстаздарды құрметтеу,  ұлы тұлғалардың  атын өшірмеу, ізін жоғалтпау, ұлыларымызды  ұлықтау, ардақтау, халқы үшін аянбай еткен еңбектерін дәріптеу арқылы бүгінгі ұрпақты ұлтжандылыққа, ерлік пен елдікке, отаншылдыққа тәрбиелеу.

2-бөлім  «Ұстаз – ұлы есім» деп аталады. Бұл бөлімде мектептің ашылуынан бастап  еңбегі сіңген   ұлағатты ұстаздар жайлы мол мағлұмат жинақталған.

3-бөлімде ««Ұстаз  болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» бөлімінде әр жылдары  қызмет атқарған    ардагер ұстаздардың  жетістіктері жайлы көп материалдармен толықтырылған.

4-бөлім « Ұстаз – ұрпақ мақтанышы» бөлімінде   шәкірттерге сапалы білім мен тағылымды тәрбие берген ардақты ұстаздар жайлы  тың   деректер берілген. Ол мәліметтердің ішінде құжат материалдары, мұғалімдердің іс-қағаздары, фотосуреттер, т.б. материалдармен танысуға болады.

5-бөлім  «Жақсы  шәкірт – жақсы ұстаздың жалғасы» бөлімінде   заман өзгеріп, қоғам алға жылжып, ғылым өркендеген сайын әрбір ізденіс пен нәтижелі еңбектің бастауында тұрған тұлғалар, мектепті үздік бітірген, еліміздің  түкпір-түкпірінде қызмет еткен еліне елеулі, халқына қалаулы болған   түлектер, т.б. материалдар орын алған.

6-бөлім «Қалдырған  ізің мәңгілік» бөлімінде өзінің көптеген ізбасарлары үшін ұстаз идеалына айналған танымы терең, тәлімі мол, болмысы бекзат, тұлғалы  ұстаздардан алған ұлағатты білім мен зор тәжірибе ғылыми ізденістері мен қызметтік жолының өрістеуіне де кең ықпалын тигізген, өмірі өнегелі, жас ұрпаққа үлгі боларлық  ерекше тұлғалар   жайлы материалдар жинақталған.

7-бөлім «Мектеп тарихы: құрылуы, дамуы, жетістіктері» деген айдармен жабдықталған. 1962 жылы құрылған алғашқы мектеп тарихынан бастап күні бүгінге дейінгі мектеп өмірі жайлы мәліметтер жинақталған.

     Оқушылар арасында мұражайға қызығушылық танытқан оқушылар көп болды.