Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Тарих» киноклубының отырысы

     Қазақ халқы үш ғасыр бойы іздеген мұратына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұсында ғана жетті. Елбасымыз мемлекетіміздің сындарлы саясатына баса назар аударып, оның жоғары деңгейге көтерілуіне көп үлес қосты. Осыған орай, 21-29 қараша күндері мектебіміздің «Тарих» киноклубы жетекшілері Мұхтар Д., Сарсенов Т. «Жұлдыздар тоғысқанда» атты деректі кинофильм көрсетті. Тарихи кинофильмге қызыққан оқушылар саны көп болды. Фильм соңында тарихи әңгіме мен талдау жүргізілді. Оқушыларды патриоттық сезімге баулу,тарихи жанрға жақын болып, еліміздің дара жолындағы Президентіміздің дәрежесін танып, олардың білімдерін арттыру – бағдарламаның негізгі мақсаты. Осының нәтижесінде, әрбір оқушының жүрегінде атамекенге деген сүйіспеншілік орнап, қызуғышылықтарының артуы сөзсіз. Отан тарихын таныту – кемел болашаққа көшудің басты кепілі.

 

«Тарих» киноклубының отырысы