Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Ұрпақтар сабақтастығы» атты еңбек ардагерлерімен кездесу кеші

         5 желтоқсанда 7 сыныптар арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұрпақтар сабақтастығы» атты еңбек ардагерлерімен кездесу кеші өтті.  Кештің қонағы  Баянауыл ауылының ардагер ұстазы – Альжанов Жақсыжан Әлжанұлы болды. Сабақтың барысында ұстаз арадагер  өзі жайлы айта кетті. Өзінің еңбек жолындағы қиын да қызықты сәттерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Оқушылар Жақсыжан атаға өздерінің сұрақтарын қойып, жылы лебіздерін өздерінің қаламдарынан туған өлең шумақтары  және «Әке толғау» атты күйі арқылы білдірді. Сабақтың соңында ардақты ұстазымыз балаларға жылы тілектерін айтып, оларға арнап «Ойлан, балам!» атты өсиет әнін орындап берді.