Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

1 желтоқсан

      Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 1 желтоқсан  – Тұңғыш президент күніне арналған  іс-шаралар  өткізілді. Барлық сыныпта тәрбие сағаттары өтті. Кітапханада Елбасына арналған көрме ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің жазған өлеңдерін оқып, видеожазба түрінде ұсынды.

      Барлық туындылардың арасында ең ерекше өлең болып 10 «а» сынып оқушысы Сарыбай Құдреттің «Елбасына» арнауы танылды:

Дәріптеп азат елдің жатқа айғағын,

Көгінде желбіретіп көк байрағын,

Сындарлы сан белесті бағындырып,

Басына қазағымның бақ байладың.

Тәуелсіздік тұғырын бекем дедің.

Белгілі ел ауқатын көтергенін,

Сағынып сыртта жүрген туыстарын,

Ата жұртқа оралып мекендедің.

Өркендеп білім жолы ашылады,

Шырқалар шырқау көкте ғасыр әні,

Жүз ұлтың сәбиінің жүрегіне,

Нұраға, сенің нұрын шашылады.

Сіз сыйлаған өлкеге мұра қандай,

Басқа жұрт тек тәңірден сұрағандай.

Бар әлем достық үйі тәрізденер,

Болса егер елбасылар Нұрағандай.

Жаудырғандай жауһармен лағыл аспан

Патшамыз салиқалы сабыры асқан,

Қазақстан қарыштап асқақтай бер.

Ханымыз жасай берсің қадірі асқан.