Қыздар арасында бокстан ашық қалалық біріншілік
21-24 желтоқсанда ДЮСШ №5 негізінде қыздар арасында бокстан ашық қалалық біріншілік болып өтті. Мектебіміздің намысын Бухарбаева Дильназ, Жанболат Назерке, Асқар Күлімжан, Бауыржанқызы Эльвира қорғады. Республика бойынша Павлодар, Екібастұз, Жезқазған, Алматы, Сәтбаев, Талдықорған, Қарағанды, Балқаш қалаларының өкілдері қатысты. 8-сынып оқушылары Бухарбаева Дильназ бен Жанболат Назерке ІІ дәрежелі дипломға, 8-сынып оқушысы Асқар Күлімжан мен 9-сынып оқушысы Бауыржанқызы Эльвира ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
«Жасыл экономика», «Жасыл энергетика» бағыттары бойынша үлгілер конкурсы
«Жасыл экономика» – бұл экономика ғылымындағы жаңа бағыт, экономика, адамдардың әл-ауқатын арттырады және қоршаған ортаны айтарлықтай жақсартады, табиғи ресурстардың тапшылығын азайтады, биоәртүрлілікті жоғалтуын болдырмайды.
Облыстық Мағжан оқулары
2016 жылдың 22 желтоқсанында облыстық білім беру басқармасы мен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде IV облыстық «Мағжан оқулары» конкурсы өтті.
46-шы қалалық спартакиада қорытындысы
Павлодар қаласының спорт және мәдениет бөлімінің №14 жалпы орта мектебінде 2016 жылы 23-29 қараша аралығында 46-шы қалалық спартакиадасы бағдарламасында (ІІ лига) қыздар арасында баскетбол жарысы өтті.
Жарысқа ( ІІ лига) қыздар құрама командалары қатысып, І орын – № 18 жалпы орта мектебі, ІІ орын – №14 жалпы орта мектебі, ІІІ орынды Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының қыздар құрама командалары алды.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсы
2016 жылдың 4 қарашасында № 16 лицей-мектебінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты облыстық конкурсы болып өтті.
«Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» қалалық байқауы
2016 жылдың 28 қазанында Естай атындағы Мәдениет сарайында Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты дәстүрлі қалалық байқауы өтті.
Байқауда жас ақындар өлең-жырдан сайысқа түсті. Сайысқа қала мектептерінің оқушылары мен лицей-колледждердің, ЖОО студенттері қатысты.
«ӨНЕР, БІЛІМ–БӘРІ ДЕ ОҚУМЕНЕН ТАБЫЛҒАН...» АТТЫ МЕКТЕПАРАЛЫҚ ЫБЫРАЙ ОҚУЛАРЫ
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында ағартушы, педагог, жазушы, қазақ даласына білімнің шамын жаққан Ы. Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына байланысты «Өнер, білім– бәрі де оқуменен табылған...» атты мектепаралық Ыбырай оқулары 2016 жылдың 18 қазан күні өткізілді.
Бокстан жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты
2016 жылдың 12-15 қазан аралығында Бокстан 2001-2002 ж.т. жасөсіпрімдер мен 2001-2002, 1999-2000 ж.т. қыздар арасындағы чемпионаты өтті. Бұл сайысқа мектебімізден 6 оқушы - 5 ұл, 1 қыз бала қатысты.
Қыздар арасында 50 кг салмағында Бауыржанқызы Эльвира ІІ орын, ұлдар арасында 48 кг салмағында Айтым Әли ІІІ орын иеленді.
Құттықтаймыз!
Облыстық Мұқағали оқулары
12 қазан күні Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде облыстық Мұқағали оқулары болып өтті. Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Илимхан Ақерке 1 дәрежелі дипломмен марапатталып, мектеп абыройын бір асқақтатты. Ұстазы Абаева Алмагүл Тұрлыханқызы «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!
ҚАЛАЛЫҚ МӘШҺҮР ОҚУЛАРЫ
Мектеп оқушыларының арасында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, мәдениетін дамыту, оның рухани мұрасын кейінгі ұрпақ есінде мәңгі сақтау, жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке баулу, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сусындату Мәшһүр Жүсіп оқуларын өткізудің басты мақсаты болды. Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, дәстүрлі «Мәшһүр Жүсіп оқулары» қалалық байқауын өткізді.
Осымен үшінші рет өткізіліп отырған байқаудың басты мақсаты – көркем әдебиетті, сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын насихаттау, осы арқылы жастардың имандылық тәрбиесіне ықпал ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеру.
