Туған жерім-алтын бесігім!
Сүйінші!
Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген "Туған жерім-алтын бесігім!" атты облыстық жас ақындар мүшәйра конкурсында III орынды иелеген Гүлнара Жанболатты шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуы көп болсын! Жанболаттың шығармашылығымен таныс болыңыздар.
О, туған жер, Кереку-киелі аймақ!
Перзентің ем төсіңнен сыр ұғынған,
Тұшынып түлеп өстім тұнығыңнан.
Құшағыңда жүргенмен қорқам кейде
Қадіріңді білмеген қылығыммен.
О, туған жер, Кереку-киелі аймақ,
Алла нұры аспаннан сүйеді ойнап.
Аңсаған сендей асыл ата-жұртым
Менің жаным қандасты күйеді ойлап.
Көз сүрінер көшемнің көркіне анық,
Өткеннің де қояды өрті қарып.
Туған жердің тарихын теңдеп алып
Қара Ертістің барады толқыны ағып.
Далаңда өтсе де ұрыс кескілескен,
Бүгінгі күйің басқа көшке ілескен.
Отаным деп кеудесін оққа тосқан
Оғландарын шығармас ешкім естен.
Тәуелсізбіз. Халықпыз Егеменді,
Туған жерге тер төгу керек енді.
Танымал тұлғаларға тұғыр болып
Кереку кеңейте бер керегеңді!
Гүлнара Жанболат
ХІХ Республикалық Абай оқулары
21-25 тамыз күндері Семей жерінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ХІХ Республикалық Абай оқулары байқауы өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас дарындарға Қалқаман Сарин, Жанат Әскербекқызы сынды белгілі ақындар, ғалымдар төрелік етті. Бұл сайыста да облыс намысын арқалаған гимназия оғландары намысты қолдан бермеді! Нәтиже келесідей:
- Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда (ақындар) - Ердәулет Абдираимов - ІІІ орын,
- Өлең-сөздің патшасы, сөз-сарасы бағытында (жаттау) - Даяна Жаябаева - ІІІ орынға ие болды.
Айта кететін жәйт Даяна Хәкім Абай мен Шәкәрім аталарымыздың 310 өлеңін жаттаған. Жетекшілері: Қайрат А.Қ., Мұxамеджанова Р.Ж., Мақсатxан А.
Облыс намысын абыроймен қорғаған шәкірттеріміз бен ұстаздарын, ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!
«Дарын-2018» кеші
Бүгін Естай атындағы мәдениет сарайында Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты жылдың үздіктерін анықтайтын «Дарын-2018» кешін өткізді. Білім ордасы директорының міндетін атқарушы Күләзи Оразбаева биылғы оқу жылы гимназия үшін жетістікке толы болғанын атап өтті.
- Мектебіміз мен облысымыздың абыройын олимпиадалар мен ғылыми жобаларда, өзге де білім байқауларында асқақтатып жүрген оқушыларымыз бен олардың мұғалімдеріне алғыс білдіремін, - деді Күләзи Оразбаева. – Бүгінгі кеште мақтаныштарымызды марапаттаймыз. Сіздерді осы жылды жоғары деңгейде аяқтап, жаңа оқу жылына жаңа күшпен келеді деген үміттемін. Айта кетейік, гимназияның оқушыларын республикалық додаларға дайындаған ұстаздардың қатарында тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Батталов, биология ғылымдарының кандидаты Наталья Корогот, математика пәнінің аға оқытушысы Борис Горшков, Ж. Аймауытов атындағы театрдың актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бейбіт Шәнім бар.
- Облысымызың білім саласында Ы. Алтынсарин ұжымының алатын орыны ерекше, - дейді Павлодар облысы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ғаждембек Тұрсынов. – Бір қызығы, 5-6 сынып оқушылары арасында өткен олимпиадада бұл мектептің оқушылары бірінен-бірі қалмай жүлдегер атанды. Бұл дарынды түлектеріміздің талантты ізбасарлары бар екенінің дәлелі. Бәріңізге сәттілік пен денсаулық тілеймін. Кеш барысында ұстаздармен қатар оқушылар «Ел үміті», «Шабыт», «Өңір өрені», «Білім биігінде» және «Алаш арманы» сияқты номинациялар бойынша марапаттарға ие болды.
"Жас маман-2018" байқауы
2018 ж. 16 мамырында сағат 15:00-де бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бойына тәлім-тәрбиенің асыл-қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайықты жас ұстаздарымыз сайысқа түсті. Бірінші кезекте сайыскерлерге сұрақтар қойылып, шығу реті анықталды. Кезеңдері: 1. "Үздік сабақ"; 2. "Портфолио қорғау"; 3. "Педагогикалық дебют"; 4. Өнер көрсету; 5. "Педагогикалық жағдаятты талдау"; 6. "Педагогикалық идея". Байқауда алынған ұпайлар саны бойынша жеңімпаздар анықталды.
1-орын: математика пән мұғалімі Назриденов Серік Назриденович,
2-орын: орыс тілі мұғалімі Жексенбаева Гайни Тлеулесовна,
3-орын: ағылшын тілі мұғалімі Апаев Қуаныш Ерсаинович,
4-орын: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мукан Перизат Нұрлыбайқызы.
Жас мамандарға істеріңе сәттілік, шығармашылық табыс, шәкірттері биік шыңдардан көрініп, еңбектері ақтала берсін деп тілейміз!
«Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты Х облыстық зияткерлік конкурсы
Павлодар облысы білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылғы 16 мамыр күні мектеп оқушылары арасында Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты Х облыстық зияткерлік конкурсын өткізді. Облысымыздың 42 оқушысы қатысқан сайыс 3 бағытта жұмыс жасады. Қазылар алқасының шешімдері негізінде «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағытында шәкірітіміз 10-сынып оқушысы Гүлнәр Жанболат ІІІ орынды еншілесе, "Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы" атты ғылыми жоба қорғау бойынша тағы бір 10-сынып оқушысы Турсунxанов Райымбек ІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Қолөнер бұйымдарын жасаудан облыстық байқауы
Бүгін Павлодар облысы білім беру басқармасының ұйымдастыруымен М. Катаев атындағы оқушылар сарайында, Елбасының "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында қолөнер бұйымдарын жасаудан облыстық байқау өтті!
Аталмыш байқауда біздің гимназия шәкірттері Киіз бастыру технологиясын және қой жүнінен заманауи сыртқы киім үлгілерін жасап көрсетті. Нәтижесінде 7 "ә" сынып оқушысы Темірболат Аружан және 5 "ә" сынып оқушысы Жиксимбай Айша І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды! Жеңіске жеткен оқушыларымызды, ұстаздарын, ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!
"Ақберен" Республикалық байқауы
6-18 наурыз күндері облысымызда тұңғыш рет 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың ақындығы мен шешендігі сыналатын "Ақберен" Республикалық байқауы өткен болатын.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас дарындарға Аманжол Әлтай, Жанат Әскербекқызы сынды белгілі ақындар ғалымдар төрелік етті. Бұл сайыста да гимназия намысын арқалаған оғландарымыз намысты қолдан бермеді! Нәтиже келесідей:
- Ақындар мүшәйрасы бағытында - Ердәулет Абдираимов (І орын);
- Көркем сөз бағытында - Марлен Оразбай (ІІІ орын);
- Шешендік өнер бағытында - Жанбау Марғұлан (Қ.Ясауи университетінің білім гранты);
- Ақындар айтысы бағытында - Құдірет Сарыбай (Құрмет Грамотасы).
Облыс намысын абыроймен қорғаған шәкірттеріміз бен ұстаздарын, ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!
ХІХ «Махаббат жыры» атты қалалық байқау
2018 жылдың 12 сәуір күні Павлодар қаласында білім алушы жастар арасында поэзия және проза жанры бойынша ХІХ «Махаббат жыры» атты қалалық байқаудың нәтижесінде «Проза» номинациясы бойынша 8 «а»-сынып оқушысы Шәкәр Мәдина (жетекшісі Окпина Б.М.) – І орын, Бұхарбаева Дильназ(жетекшісі Хамзин Н.Е.) – ІІ орын, «Поэзия» номинациясында 10-сынып оқушысы Гүлнара Жанболат(жетекшісі Мұхаметжанова Р.Ж.) - ІІ орын жеңімпазы атанды. 11 «б»-сынып оқушысы Бәкібай Толғанай (жетекшісі Касыбаева М.Б.) «Үздік проза», Дәуренбекұлы Рамазан (жетекшісі Қайрат А.Қ.) «Үздік поэзия» номинациясымен марапатталды. Сонымен қоса аталған оқушыларға конкурсты ұйымдастырушы Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі сыйлықтар табыс етті.
Жүлдегер оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.
ХVІІІ Сәтбаев оқулары
2018 жылдың 11 сәуір күні өткен Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХVІІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына мектебімізден бірнеше оқушылар қатысқан болатын. Нәтижесінде, 11 «б»-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан, 9 «а»-сынып оқушысы Мұхаметқан Адия – 1-орын, 11 «б»-сынып оқушысы Ғазиов Зейнолла – ІІ орын, 6 «б»-сынып оқушысы Төкен Асылхан – ІІ орын, 5-сынып оқушысы Мансур Бакытов – ІІ орын, 11 «б»-сынып оқушылары Камеш Камшат «Жасампаз ғылыми шешім», Сагдат Жансая «Үздік ғылыми жұмыс» номинациясымен марапатталды.
Жүлдегер оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.
#BOOKSTART кітап оқу жарысы
#BOOKSTART кітап оқу жарысының жеңімпаздары:
1 орын-Шыңғыс Асығатұлы;
2 орын-Ерназ Абдирайымов;
3 орын-Мейрамбек Наурызбай.
Ынталандыру сыйлықтары:
Садыр Арыстан, Тәкіш Айгерім , Айтмухамбетова Аружан, Дюсенова Жұлдыз, Аянбек Жанбота.
Сайысымызға қатысқан сайыпқырандарымызды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!
