Ерілкке тағзым
Жыр мүшәйрасына деген қызығушылығын танытып қалам сілтеген жас ақындарымыздың Ұлы Жеңіске арнаған жырларының қатары әлі сейілер емес.
"Ерлікке тағзым " атты мүшәйра
Мүшәйра! Мүшәйра! Мүшәйра!
⠀ Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналып мектепішілік "Ерлікке тағзым " атты мүшәйра өтетінін хабарлайды.
⠀ Өскелең ұрпақтың тарихи танымын арттыра отырып рухани жан дүниесін кемелдендіріп, бабалар ерлігін дәріптеп тағзым етуге негізделген байқауға 5-11 сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады.
⠀ Өлеңдер сәуірдің 25-не дейін қабылданады.
"Мамандықтар әлемін ашамыз" атты форум
Оқушылар сарайында екі күн қатарынан "Мамандықтар әлемін ашамыз" атты облыстық форум өтті. Павлодар облысында аудандық, қалалық командалар өзара бәсекеге түсіп, ең үздіктерін анықтады. Бірінші күні қазылар алқасына мамандықтар тақырыбына эссе, презентация және бейнероликтер ұсынылды. Форумға қатысушылар өз стилінде мамандық таңдаудың маңыздылығы және бұл шешім алдағы өмірде қалай көрініс табатыны туралы айтып берді.
⠀Екі күндік конкурстың қорытындысы:
- "Мамандықтар әлемін ашамыз" атты форумның үздік бейнеролигі байқауында 1-орынға Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Айтмұхамбетова Әнел (жетекшісі Сәрсенов Төлеген) ие болды.
- Ең үздік презентация бағытында болса 1-орынды Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының оқушысы Қалиасқарұлы Дәнекер (жетекшісі Нұрмат Бағдәулет ) жеңіп алды.
⠀Әр номинацияның жеңімпаздары Павлодар облысын республикалық кезеңге қорғайды.
"Ұшқыр ой алаңы" атты республикалық дебаттық турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпазы
М.Катаев атындағы оқушылар сарайында ұйымдастырылған "Ұшқыр ой алаңы" атты республикалық дебаттық турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпазы болып гимназиямыздың оқушылары марапатталды. Айта кетелік, мектеп командасы ақпан айында Шымкент қаласында өтетін республикалық дебат сайысына жолдама алды. Алда өтетін республикалық кезеңге оқушыларымыз команда жетекшісі Бораналина Гүлсана Қанатқызымен дайындалуда.
"Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты интелектуалды сайыс
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналып гимназиямызда "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты интелектуалды сайыс 8-сынып оқушылары арасында өткізілді. Сайысқа әр сыныптан үш оқушы қатысып, 3 кезең бойынша тартысқа түсті. Түрлі викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы оқушыларымыздың ой ұшқырлықтары ұшталып қалғандай. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш сайыстың берері мол екендігіне сенеміз.
"Музыкальное созвездие" атты өнер байқауы, І орын
Бәрекелді!
⠀ Жас та болсын талабынан нұр жауып өнерге өзін-өзі ерте баулыған Тлеубек Ерқанатымыз Алматы қаласында V халықаралық жастарға арналған "Музыкальное созвездие" атты өнер байқауының эстрадалық вокал номинациясы бойынша I орынды қанжығасына байлады. Бұған дейін де бірнеше байқаулардың жүлдегері атанып жүрген талантты оқушымыз бұл жолы да сүйіншілеп келе жатыр. Жас әншіміздің өнердегі ұстазы Қорабай Ризабек Жанұзақұлы.
«Алтын адам - Тәуелсіз Қазақстанның символы» атты республикалық ең үздік эссе байқауы
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Ұлттық мұражайда «Алтын адам - Тәуелсіз Қазақстанның символы» атты республикалық ең үздік эссе байқауының ақтық кезеңі өтті. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Имантай Мағзұм, ұстазы Бағдәулет Нұрматтың жетекшілігімен жүлделі 2-орынға ие болды.
"Тәуелсіздік - жыр, әнім" республикалық шығармашылық фестивалі
Súıіnshі!
Aqtóbe qalasy ákіmdіgіnіń qoldaýymen Qazaqstan Respýblıkasy Táýelsіzdіgі kúnі merekesіne oraı ótkіzіlgen "Táýelsіzdіk - jyr, ánіm" respýblıkalyq shyǵarmashylyq festıvalі aıasynda "Taza, mіnsіz asyl sóz" sheshendіk óner baıqaýynda Bas Júldege ıe bolǵan Asyǵatuly Shyńǵysty quttyqtaımyz. Sondaı-aq "Kómeıden jyr aǵylsyn" jas jyrshylar nomınatsııa boıynsha arnaıy alǵys hatpen Mahsýthan Nurǵısa marapattaldy. Al "Táýelsіzdіk tartýy" atty jas aqyndar baıqaýynan Sáýlet Nurshapaǵat III oryndy ıelenіp gımnazııamyzdyń týyn kókke jelbіrettі.
_____________________________________
Сүйінші!
Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай өткізілген "Тәуелсіздік - жыр, әнім" республикалық шығармашылық фестивалі аясында "Таза, мінсіз асыл сөз" шешендік өнер байқауында Бас Жүлдеге ие болған Асығатұлы Шыңғысты құттықтаймыз. Сондай-ақ "Көмейден жыр ағылсын" жас жыршылар номинация бойынша арнайы алғыс хатпен Махсутхан Нұрғиса марапатталды. Ал "Тәуелсіздік тартуы" атты жас ақындар байқауынан Сәулет Нұршапағат III орынды иеленіп гимназиямыздың туын көкке желбіретті.
"AshyQ.MiC"
АКТ конкурсы
Бүгін Білім беру басқармасы және Ақпараттық технологиялар орталығы «Білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсында гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бағдәулет Нұрмат 1-орынды жеңіп алды.
Облыс мұғалімдері мен оқушылары арасында инновациялық, цифрлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдер мен оқушыларды қолдау мақсатында өткізілген конкурстың ақтық кезеңіне 50 жоба іріктелініп алынған еді. Бағдәулет Асанұлының ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында жасаған "ABAITANU" электронды оқулығы бүгінгі таңда оқушылар үшін аса қажет. Сондай-ақ конкурстың оқушыларға арналған байқауында гимназия оқушылары Мамыржан Каримов, Бибісара Өндіріс "Бағдарламашы оқушы" номинациясын иеленді.
