Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«ҚР Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығы» ұйымдастырған курсы бойынша бас жүлде (40000тг)

«ҚР Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығы» ұйымдастырған курсы бойынша бас жүлде (40000тг) 

Толығырақ

“Free Fire World Series-2021” халықаралық киберспорт сайысы

Сингапурда өткен “Free Fire World Series-2021” халықаралық киберспорт сайысында мектебіміздің 9-сынып оқушысы ҚАНАТОВ АМИР “SILENCE” командасының құрамында өнер көрсетіп, жүлделі III орынды  иеленді.

Толығырақ

“Казақстанның болашағы -білімді жастар!” атты пікірсайыс турнирі

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында облыстық мамандандырылған мектептердің арасында “Казақстанның болашағы -білімді жастар!” атты пікірсайыс турнирі өтті.

Толығырақ

«Үздік панорамалық сабақ» атты сайыс

30 сәуір күні гимназиямыздың ұстаздар қауымы арасында «Үздік панорамалық сабақ» атты сайыс өтті.

«Ұстаз ойшыл болмай, шәкірт ұшқыр болмайды» демекші, ұстаздарымыз өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, білім мазмұнын меңгертудегі белсенді әдістерінің тиіміділігі мен артықшылықтарын атап көрсетті.


Толығырақ

“Iron mind” байқауы

“Білім - Инновация” лицейі ұйымдастырған ағылшын тілінде өткен “Iron mind” байқауында біздің оқушылар мектебіміздің намысын қорғап, номинацияларға ие болды.

Толығырақ

«Үздік көркем еңбек мұғалімі»

Ұстаздық ұлы жолын таңдап, ер балаларды еңбек сүйгіштікке жетелейтін гимназиямыздың көркем еңбек пәні мұғалімі Асаинов Болат Нұржанович «Үздік ұстаз - 2021» атты шығармашылық байқауына «Үздік көркем еңбек мұғалімі» номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі 1-орынды иеленді.

Толығырақ

«Елбасы медалі» бағдарламасы

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова «Елбасы медалі» бағдарламасының қола жүлдегерлерін марапаттады.

Айта кетелік «Елбасы медалі» - бұл 14 пен 29 жас аралығындағы жас және жігерлі қазақстандықтарға арналған жоба.

Қатысушылар «алтын», «күміс», немесе «қола» деңгейлерін таңдайды және жеті бағыт бойынша дағдыларын дамытады.

Толығырақ

Республикалық ғылыми жобалар конкурсында III дәрежелі диплом

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында III дәрежелі дипломды иеленген гимназиямыздың түлегі Табулдинова Бибігүлді жеңісімен құттықтаймыз!

Толығырақ

облыстық форумының «Мамандықты таңдайтын уақыт» номинация

ІІ дәрежелі диплом!

«Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумының «Мамандықты таңдайтын уақыт» номинациясының жүлдегерлері Антмухаметова Анель мен Жанат Арай.

Сондай-ақ «Осындай мамандықтар бар» номинациясының жүлдегерлері Досмагамбетова Айым мен Жилкайдар Маржан.

Құттықтаймыз!

Толығырақ

«Көктем нұры» атты республикалық мектеп оқушылары айтысы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойлары аясында өткен «Көктем нұры» атты республикалық мектеп оқушылары айтысына қатысып II орынды иеленген Асығатұлы Шыңғысты жеңісімен құттықтаймыз!

Айта кетелік, жыр аламаны Қызылорда қаласында өтті.

Өңіріміздің абыройын асқақтатып, жеңіс туын желбіреткен Шыңғысымыздың шығармашылығына табыс тілейміз. Жеңісті күндеріміз көп болғай!

Толығырақ