“Мәшhүр-Жүсіп оқулары” облыстық байқауы
Бәрекелді!
⠀
“Ертіс дарыны” өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен, “Мәшhүр-Жүсіп оқулары” облыстық байқауында гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Дауренбекұлы Рамазан бас жүлдені қанжығасына байлады.
⠀
“Алдыма өлең жаз деп қағаз келген...” (ақындар мүшәйрасы) бағытында өнер көрсеткен оқушымыздың Мәшhүр ақынға арнаған арнауын қазылар алқасы үздік деп таныды.
⠀
Айта кетелік, аталмыш байқаудың Республикалық кезеңінде облыс намысын, Дауренбекұлы Рамазан қорғайтын болады. Сәттілік серігі болсын деп тілек айтамыз.
⠀
Жетекшісі: Қайрат Айсана Қайратқызы
Қашықтан өткізілген «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
Қашықтан өткізілген «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
“Бес асық” ұлттық ойындары бойынша Павлодар облысының online-турнирінің қорытындысы.
“Бес асық” ұлттық ойындары бойынша Павлодар облысының online-турнирінің қорытындысы.
⠀
5-6 сыныптар арасында Жами Алима
⠀
7-8 сыныптар арасында Бекет Фатима
⠀
Жетекшісі: Бораналин Қ.Қ.
«Шырағын жаққан білімнің» атты дәстүрлі мектепішілік Ыбырай оқулары сайысы
Қазақ әдебиеті тарихында «Дәуірдің дара ұстазы» атанған халық ағарту ісінің үздігі Ы. Алтынсариннің шығармашылығына арналған
«Шырағын жаққан білімнің» атты дәстүрлі мектепішілік Ыбырай оқулары сайысы өз мәресіне жетті.
⠀
Сайысқа қатысушылар төмендегідей 3 тапсырма бойынша сынға түсті:
⠀
1. «Поэзия әлемі» Ы. Алтынсариннің бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқу.
⠀
2. «Көркем сөздің шебері» Прозалық шығармасын жатқа оқу.
⠀
3. Ақындық өнер (Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын, ұстаздық қызметін, еңбек жолын оқып арнау шығару )
⠀
Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлде 7”ә”-сынып оқушысы Асқарова Фатимаға бұйырды.
Халықаралық Исаев оқулары
Халықаралық Сәтбаев оқулары ғылыми жобалар байқауының қорытындысы.
"Карантин қалай өтуде?" тақырыбында видеоролик
"Карантин қалай өтуде?" тақырыбында видеоролик түсіріп, 87711721421 номеріне телеграм арқылы салып жібер.
Видеоның уақыты 1 минуттан аспауы тиіс. Видеоның креативтілігіне, сапасына және мазмұнына назар аударылады. Конкурс жеңімпаздары 1,2,3орындармен марапатталып, ұялы телефонға бірлік ұтып ала алады.
Конкурсқа жұмыстар 10 мамырға дейін қабылданады.
Конкурс нәтижесі 12 мамыр күні шығарылады.
Конкурсқа тек Алтынсарин гимназиясының оқушылары ғана қатыса алады.
⠀ Сәттілік!