Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Халықаралық Исаев оқулары

Халықаралық Исаев оқулары - Международные Исаевские чтения«New education Asia» халықаралық білім алаңы мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен жас ғалымдардың халықаралық Исаев оқулары бейнеконференциясы өтті.
⠀
Шараға қатысуға Алматы, Астана, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Талдықорған өңірлерінен және Түркия, Өзбекстан, Ауғанстан, Татарстан елдерінен 70-ке жуық мақала келіп түскен.
⠀
Оған 40-тан астам жас ғалым онлайн режимде қатысып, өз зерттеулерін ортаға салды.
⠀
Халықаралық деңгейдегі конференцияда өз ғылыми жобасын қорғаған Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия интернатының 9-сынып оқушысы Рамазан Дәуренбекұлы жүлделі 3-орынға ие болды.
⠀
Ол ұстазы Бағдәулет Асанұлының ғылыми жетекшілігімен бірнеше жылдан бері әлем тілдерінің негізі бір тіл екенін, әлем бір тілде сөйлейтінін зерттеуде.