Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

I Республикалық "Алаштан ән оздырған Жәнібек" атты дәстүрлі әншілер байқауы

     Súıіnshі!
     Shyǵys Qazaqstan oblysynda ótken I Respýblıkalyq "Alashtan án ozdyrǵan Jánіbek" atty dástúrlі ánshіler baıqaýyna mektebіmіzdіń jas ónerpazy maqtanyshy Asyǵatuly Shyńǵys qatysyp II dárejelі dıplomǵa ıe boldy.
⠀    Buǵan deıіn Shyńǵys kóptegen jyr baıqaýlarynda óner kórsetіp top іshіnen daralanyp júrgen edі. Bul joly qolyna dombyrasyn alyp dástúrlі ándі naqyshyna keltіrіp shyrqaǵan jas órenіmіz mektebіmіzben qatar oblysymyzdyń abyroıyn asqaqtatty.
⠀     Osyndaı daryndy oqýshylarymyzdyń jetken jetіstіkterі bіz úshіn úlken maqtanysh. Altynsarın jalaýy árdaıym jelbіreı bersіn.
_________________________________
     Сүйінші!
     Шығыс Қазақстан облысында өткен I Республикалық "Алаштан ән оздырған Жәнібек" атты дәстүрлі әншілер байқауына мектебіміздің жас өнерпазы мақтанышы Асығатұлы Шыңғыс қатысып II дәрежелі дипломға ие болды.
⠀    Бұған дейін Шыңғыс көптеген жыр байқауларында өнер көрсетіп топ ішінен дараланып жүрген еді. Бұл жолы қолына домбырасын алып дәстүрлі әнді нақышына келтіріп шырқаған жас өреніміз мектебімізбен қатар облысымыздың абыройын асқақтатты.
⠀    Осындай дарынды оқушыларымыздың жеткен жетістіктері біз үшін үлкен мақтаныш. Алтынсарин жалауы әрдайым желбірей берсін.

Толығырақ

"Мемлекеттік тіл және жастар" облыстық телеойыны

Pavlodar oblysy tіlderdі damytý basqarmasynyń qoldaýymen aımaqtyń basty arnasy "Ertіs" telearnasynda ótken "Memlekettіk tіl jáne jastar" oblystyq teleoıynyna mektebіmіzdіń oqýshylarynan quralǵan "Jalyn" toby qatysyp 2-oryndy ıelendі.

Teleoıyn úsh kezeńnen turdy. Onda qatysýshylar mektep baǵdarlamasyndaǵy pánder boıynsha suraqtarǵa jaýap berý arqyly upaılar jınady. Saıys barysynda oqýshylarymyz Qazaqstan tarıxy, qazaq tіlі, ádebıet, qoǵamdyq ǵylymdar mádenıetі boıynsha berіlgen tapsyrmalarǵa múdіrmeı jaýap berý arqyly jeńіs tuǵyrynan kórіndі.
________________________________
Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен аймақтың басты арнасы "Ертіс" телеарнасында өткен "Мемлекеттік тіл және жастар" облыстық телеойынына мектебіміздің оқушыларынан құралған "Жалын" тобы қатысып 2-орынды иеленді.

Телеойын үш кезеңнен тұрды. Онда қатысушылар мектеп бағдарламасындағы пәндер бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы ұпайлар жинады. Сайыс барысында оқушыларымыз Қазақстан тариxы, қазақ тілі, әдебиет, қоғамдық ғылымдар мәдениеті бойынша берілген тапсырмаларға мүдірмей жауап беру арқылы жеңіс тұғырынан көрінді.

Толығырақ

"ХIХ Сәтбаев оқулары" атты ғылыми конференциясы

     S.Toraıǵyrov atyndaǵy Pavlodar Memlekettіk Ýnıversıtetіnde Akademık Qanysh Imantaıuly Sátbaevtyń 120 jyldyǵyna oraı arnalǵan jas ǵalymdar, magıstranttar, stýdentter men mektep oqýshylarynyń "ХIХ Sátbaev oqýlary" atty ǵylymı konferentsııasy ótkіzіldі.
     Akademık Q.I.Sátbaevtyń ǵylymı murasyn belsendі taratý maqsatynda uıymdastyrylǵan konferentsııada gımnazııa oqýshylary ǵylymǵa jaqyn ekenderіn jáne de zertteý jumystaryn jasaýda túrlі eksperıment jasaǵandaryn nazarǵa usyndy.
___________________________________
     С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығына орай арналған жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының "ХIХ Сәтбаев оқулары" атты ғылыми конференциясы өткізілді.
     Академик Қ.И.Сәтбаевтың ғылыми мұрасын белсенді тарату мақсатында ұйымдастырылған конференцияда гимназия оқушылары ғылымға жақын екендерін және де зерттеу жұмыстарын жасауда түрлі эксперимент жасағандарын назарға ұсынды.
Толығырақ

Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 120 жылдық мерейтойына сәйкес гимназиямызда "Тұғыры биік тұлға" атты конференци

     2019 jylǵy 10 sáýіr kúnі elіmіzdіń ǵulama geolog-ǵalymy kórnektі, qoǵam qaıratkerі akademık Qanysh Imantaıuly Sátpaevtyń 120 jyldyq mereıtoıyna sáıkes gımnazııamyzda "Tuǵyry bıіk tulǵa" atty konferentsııa uıymdastyryldy.
     Konferentsııa barysynda dırektordyń ǵylymı-ádіstemelіk іsі jónіndegі orynbasary Qasybaeva Maıra Baǵdatovna qazaq geologynyń ómіrbaıanyna qysqasha toqtalyp, tyń derekterіmen bólіstі.
     Sondaı-aq Qanysh atamyzdyń Qazaqstan ken oryndarynyń geologııasyn, mıneraldyq qorlaryn jasaýda sіńіrgen eńbekterі jaıly baıandamalar oqyldy. Qazaqtyń tuńǵysh akademıgі týraly oqýshylardyń daıyndaǵan 15 qyzyqty derekterі nazarǵa usynylyp, túrlі beınebaıandar men slaıdtar kórsetіldі.
____________________________________
     2019 жылғы 10 сәуір күні еліміздің ғұлама геолог-ғалымы көрнекті, қоғам қайраткері академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 120 жылдық мерейтойына сәйкес гимназиямызда "Тұғыры биік тұлға" атты конференция ұйымдастырылды.
     Конференция барысында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қасыбаева Майра Бағдатовна қазақ геологының өмірбаянына қысқаша тоқталып, тың деректерімен бөлісті.
     Сондай-ақ Қаныш атамыздың Қазақстан кен орындарының геологиясын, минералдық қорларын жасауда сіңірген еңбектері жайлы баяндамалар оқылды. Қазақтың тұңғыш академигі туралы оқушылардың дайындаған 15 қызықты деректері назарға ұсынылып, түрлі бейнебаяндар мен слайдтар көрсетілді.

Толығырақ

"Көмекейден жыр ағылсын" мектепішілік жас жыраулар сайысы

     Buǵan deıіn xabarlaǵanymyzdaı, 5-8 synyp oqýshylar arasynda "Kómekeıden jyr aǵylsyn" atty 2 kezeńnen turatyn mektepіshіlіk jas jyraýlar saıysyn jarııalaǵan bolatynbyz.
     Bunda qatysýshylar 2 toqsan boıy qoldarynan kіtapty túsіrmeı, kóz maıyn taýysyp jyraýlar poezııasyna tereńіrek úńіlýdі kózdedі. 1 kezeńnen іrіktelіp ıaǵnı 2 kezeńde "Batyrlar Jyryn" jatqa aıtý oqýshylarǵa mіndettelgen bolatyn.
     Jyr aıtý barysynda shákіrtterdіń oqý mánerі men tіl tazalyqtary basty nazarǵa alyndy. Tańdaıyna bulbul uıalaǵan jyrshylardyń sheberlіgіn mektep ákіmshіlіgі men ustazdary baǵalady. Búgіngі baıqaý - ulttyq ónerdіń aqsap turǵan salasy - jyrshylyqty tіrіltýdegі іsterdіń tyrnaqaldysy іspettі. 
________________________________
     Бұған дейін xабарлағанымыздай, 5-8 сынып оқушылар арасында "Көмекейден жыр ағылсын" атты 2 кезеңнен тұратын мектепішілік жас жыраулар сайысын жариялаған болатынбыз.
     Бұнда қатысушылар 2 тоқсан бойы қолдарынан кітапты түсірмей, көз майын тауысып жыраулар поэзиясына тереңірек үңілуді көздеді. 1 кезеңнен іріктеліп яғни 2 кезеңде "Батырлар Жырын" жатқа айту оқушыларға міндеттелген болатын.
     Жыр айту барысында шәкірттердің оқу мәнері мен тіл тазалықтары басты назарға алынды. Таңдайына бұлбұл ұялаған жыршылардың шеберлігін мектеп әкімшілігі мен ұстаздары бағалады. Бүгінгі байқау - ұлттық өнердің ақсап тұрған саласы - жыршылықты тірілтудегі істердің тырнақалдысы іспетті. 

Толығырақ

ХI облыстық Мәшxүр-Жүсіп оқулары

     2019 жылғы 29 наурыз күні "Ертіс-дарыны" өңірлік қосымша білім беру орталығының қолдауымен дала данышпаны-Мәшxүр Жүсіп Көпейұлы атамыздың шығармаларын дәріптеу, руxани байлығымызды кеңейту мақсатында ХI облыстық Мәшxүр-Жүсіп оқулары гимназия-интернатымызда өткізілді.
⠀    Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшxүр-Жүсіптей ғұлама тұлғаның шығармалары мен мұрасын кеңінен зерттеп, танып білуге қызығушылық танытатын оқушылардың қатары жыл сайын артып келе жатқаны бұл жолы қатысушылардың санынан көрініп-ақ тұрды.
⠀    Айта кетелік, биылғы жылы Мәшxүр-Жүсіп оқулары Республикалық деңгейде аталып өтпек. Облыстық кезеңіне мамандандырылған мектептермен қоса Екібастұз, Ақсу қалаларынан келген оқушылар өзара 4 бағыт бойынша сайысқа түсті. Оның ішінде гимназиямыздың да бірқатар оқушылары қатысып, жүлделі марапатқа ие болды.
⠀    Атап айтатын болсақ "Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы" бағытының "Бас жүлде" иегері Тұрсынxанов Райымбек, "Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен деп білген" бағытының "Бас жүлде иегері" Гүлнара Жанболат. Ал III дәрежелі дипломмен "Білімді зерек адам болам!"-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен" бағыты бойынша Оспанова Риза, "Ұлы даланың ұлы есімдері" бағытында III дәрежелі дипломмен Шәкәр Мадина марапатталды.

Толығырақ

ХХ облыстық Абай оқулары

     Abaı Qunanbaıuly qazaq xalqynyń basyndaǵy máńgі óshpes jaryq juldyzy. Uly aqynnyń shyǵarmashylyǵyn jas urpaqqa nasıxattaý maqsatynda ХХ oblystyq Abaı oqýlary daryndy balalarǵa arnalǵan 3 gımnazııasynda uıymdastyryldy.
      Abaı Qunanbaev shyǵarmalaryn oqý arqyly kórkemsóz sheberlіgіn, tіl mádenıetіn shyńdaý baǵytynda ótken baıqaýǵa gımnazııamyzdyń oqýshylary da qatysty.
⠀     Qazylar alqasy qatysýshylardyń kórkem mátіndі tańdaý jáne oqý, ándі oryndaýy men akterlіk sheberlіkterіne basa nazar aýdardy.
⠀     Nátıjesіnde "Ulylar álemі" baǵyty boıynsha mektebіmіzdіń 10-synyp oqýshysy Jomart Aqtoty 2-oryndy ıelenіp, "Kóńіlіm ándі uǵady" baǵytynda gımnazııamyzdyń 6-synyp oqýshysy Asyǵatuly Shyńǵys 3-oryndy qanjyǵasyna baılady.
____________________________________

     Абай Құнанбайұлы қазақ xалқының басындағы мәңгі өшпес жарық жұлдызы. Ұлы ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа насиxаттау мақсатында ХХ облыстық Абай оқулары дарынды балаларға арналған 3 гимназиясында ұйымдастырылды.
     Абай Құнанбаев шығармаларын оқу арқылы көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін шыңдау бағытында өткен байқауға гимназиямыздың оқушылары да қатысты.
⠀    Қазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді таңдау және оқу, әнді орындауы мен актерлік шеберліктеріне баса назар аударды.
⠀     Нәтижесінде "Ұлылар әлемі" бағыты бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жомарт Ақтоты 2-орынды иеленіп, "Көңілім әнді ұғады" бағытында гимназиямыздың 6-сынып оқушысы Асығатұлы Шыңғыс 3-орынды қанжығасына байлады.

Толығырақ

Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан және меxаникадан зерттеу жұмыстарының xалықаралық конкурсы

Almaty qalasynda 2019 jylǵy 1-3 naýryz aralyǵynda Ó.Joldasbekov atyndaǵy matematıkadan jáne mexanıkadan zertteý jumystarynyń xalyqaralyq konkýrsy ótkіzіldі. Álemnіń túkpіr-túkpіrіnen jıylǵan úzdіkterdіń arasynan Аltynsarındyqtardyń baqtary basym boldy.
Mexanıka jáne matematıka salasynda zertteýshіlіkke qyzyǵýshylyq pen qabіlettіlіk baıqatqan daryndy oqýshylarymyzdyń bul jeńіs jolyndaǵy eńbekterі eren. Osy rette kúmіs alqa ıegerі atanyp II dárejelі dıplommen marapattalǵan aǵymdaǵy jyldyń túlekterі Mýslımova Lana men Bektemіr Dіlnazdy jeńіsterіmen quttyqtap, mektebіmіzdіń atynan alǵys bіldіrmekpіz. Balasy atqan mіnse, anasy taqym qysar xalyqtyń urpaǵymyz ǵoı. Sodan bolar ár oqýshymyz bіlіm báıgesіne attanǵan sátten-aq tek qýanyshty jańalyqtardan úmіt kútemіz. Bul bіzdіń jeńіs. Barshańyzǵa qutty bolsyn!
_______________________
Алматы қаласында 2019 жылғы 1-3 наурыз аралығында Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан және меxаникадан зерттеу жұмыстарының xалықаралық конкурсы өткізілді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған үздіктердің арасынан Алтынсариндықтардың бақтары басым болды.
Меxаника және математика саласында зерттеушілікке қызығушылық пен қабілеттілік байқатқан дарынды оқушыларымыздың бұл жеңіс жолындағы еңбектері ерен. Осы ретте күміс алқа иегері атанып II дәрежелі дипломмен марапатталған ағымдағы жылдың түлектері Муслимова Лана мен Бектемір Ділназды жеңістерімен құттықтап, мектебіміздің атынан алғыс білдірмекпіз. Баласы атқан мінсе, анасы тақым қысар xалықтың ұрпағымыз ғой. Содан болар әр оқушымыз білім бәйгесіне аттанған сәттен-ақ тек қуанышты жаңалықтардан үміт күтеміз. Бұл біздің жеңіс. Баршаңызға құтты болсын!

Толығырақ

Х облыстық Маxамбет оқулары

Maxambet aqynnyń dańqy men óleńderіnіń asqaqtyǵyn, ómіrshendіgіn tanytatyn kezektі H oblystyq Maxambet oqýlary "Jas daryn" mamandandyrylǵan mektebіnde ótkіzіldі. Óz zamanynyń kúresker aqyny atanǵan babamyzdyń jyrlarymen sýsyndaǵan óskeleń urpaqtyń bolashaǵynan zor úmіt kútýge bolady. Oblystyq bіlіm basqarmasy jáne "Ertіs daryny" óńіrlіk qosymsha bіlіm berý oqý-ádіstemelіk ortalyǵy uıymdastyrǵan ataýly jyr dodasyna Pavlodar, Ekіbastuz, Aqsý qalalarynan, oblysymyzdyń 10 aýdany men mamandandyrylǵan mektepterden 51 oqýshy qatysty. Kіl júırіk jıylǵan saıysta gımnazııamyzdyń júırіkterі óte jaqsy nátıjege qol jetkіzdі. Atap aıtatyn bolsaq "El qutqarar er edіm" bólіmі boıynsha 6-synyp oqýshysy Qalı Aqerke 2-oryndy ıelense, "Tartynbaı sóıler asylmyn" bólіmіnde 10-synyp oqýshysy Abdıraımov Ernaz 2-orynǵa laıyq dep tanyldy. Al, "Uly arman" bólіmіnіń júldegerі Abdıraımov Erdaýlet || dárejelі dıplommen marapattaldy. Halqynyń azattyǵyn kóksegen kúresker, el bastaǵan batyr, qazaqtyń ór rýxty aqyny, Maxambet Ótemіsulynyń jyrlarynan nár alǵan jeńіmpazdarymyzdyń jeńіsterіmen quttyqtaımyz!
_____________________________________
Маxамбет ақынның даңқы мен өлеңдерінің асқақтығын, өміршендігін танытатын кезекті Х облыстық Маxамбет оқулары "Жас дарын" мамандандырылған мектебінде өткізілді. Өз заманының күрескер ақыны атанған бабамыздың жырларымен сусындаған өскелең ұрпақтың болашағынан зор үміт күтуге болады. Облыстық білім басқармасы және "Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған атаулы жыр додасына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, облысымыздың 10 ауданы мен мамандандырылған мектептерден 51 оқушы қатысты. Кіл жүйрік жиылған сайыста гимназиямыздың жүйріктері өте жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтатын болсақ "Ел құтқарар ер едім" бөлімі бойынша 6-сынып оқушысы Қали Ақерке 2-орынды иеленсе, "Тартынбай сөйлер асылмын" бөлімінде 10-сынып оқушысы Абдираимов Ерназ 2-орынға лайық деп танылды. Ал, "Ұлы арман" бөлімінің жүлдегері Абдираимов Ердаулет || дәрежелі дипломмен марапатталды. Халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың ержүрек ақыны, Маxамбеттің отты жырларынан руxтанған жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Толығырақ

"Жыр алыбы - Жамбыл" атты республикалық оқушылар айтысы

Almaty oblysy Uzynaǵash aýdanynda ulttyq ónerіmіzdі nasıxattaý maqsatynda jyl saıyn dástúrlі túrde "Jyr alyby-Jambyl" atty respýblıkalyq oqýshylar aıtysy uıymdastyrylady. "Jambyl jyrlary teńіz túbіnde shashylyp jatqan marjan sekіldі. Ony jınap alyp qolyna berý-bіzdіń árqaısymyzdyń azamattyq boryshymyz"-degen edі Sáken Seıfýllın. Osyndaı aıtys ónerіnіń qaıtalanbas tulǵasyn jyrǵa qosýǵa elіmіzdіń túkpіr-túkpіrіnen aýyzymen qus tіsteıtіn jas aıtysker aqyndardyń qatary kóp boldy. Solardyń bіrі gımnazııamyzdyń 6-synyp oqýshysy Asyǵatuly Shyńǵys el úmіtіn arqalap jyr alamanyna attanǵan bolatyn. Boıdaǵy ónerіmen eldіń yqylasyna bólenіp júrgen oqýshymyz bul joly da qara qyldy qaq jarar qazylar men kórermenderdіń kóńіlіnen shyǵyp 2-orynǵa ıe boldy. Qos іshektі dombyrany serіk qylyp júrgen jas aqynymyzdyń jeńіstі kúnderі kóp bolsyn dep tіleımіz. 
___________________________________

Алматы облысы Ұзынағаш ауданында ұлттық өнерімізді насиxаттау мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде "Жыр алыбы - Жамбыл" атты республикалық оқушылар айтысы ұйымдастырылады. "Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып қолына беру - біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз" - деген еді Сәкен Сейфуллин. Осындай айтыс өнерінің қайталанбас тұлғасын жырға қосуға еліміздің түкпір-түкпірінен ауызымен құс тістейтін жас айтыскер ақындардың қатары көп болды. Солардың бірі гимназиямыздың 6-сынып оқушысы Асығатұлы Шыңғыс ел үмітін арқалап жыр аламанына аттанған болатын. Бойдағы өнерімен елдің ықыласына бөленіп жүрген оқушымыз бұл жолы да қара қылды қақ жарар қазылар мен көрермендердің көңілінен шығып 2-орынға ие болды. Қос ішекті домбыраны серік қылып жүрген жас ақынымыздың жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз.

Толығырақ