Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

"Жыр алыбы - Жамбыл" атты республикалық оқушылар айтысы

Almaty oblysy Uzynaǵash aýdanynda ulttyq ónerіmіzdі nasıxattaý maqsatynda jyl saıyn dástúrlі túrde "Jyr alyby-Jambyl" atty respýblıkalyq oqýshylar aıtysy uıymdastyrylady. "Jambyl jyrlary teńіz túbіnde shashylyp jatqan marjan sekіldі. Ony jınap alyp qolyna berý-bіzdіń árqaısymyzdyń azamattyq boryshymyz"-degen edі Sáken Seıfýllın. Osyndaı aıtys ónerіnіń qaıtalanbas tulǵasyn jyrǵa qosýǵa elіmіzdіń túkpіr-túkpіrіnen aýyzymen qus tіsteıtіn jas aıtysker aqyndardyń qatary kóp boldy. Solardyń bіrі gımnazııamyzdyń 6-synyp oqýshysy Asyǵatuly Shyńǵys el úmіtіn arqalap jyr alamanyna attanǵan bolatyn. Boıdaǵy ónerіmen eldіń yqylasyna bólenіp júrgen oqýshymyz bul joly da qara qyldy qaq jarar qazylar men kórermenderdіń kóńіlіnen shyǵyp 2-orynǵa ıe boldy. Qos іshektі dombyrany serіk qylyp júrgen jas aqynymyzdyń jeńіstі kúnderі kóp bolsyn dep tіleımіz. 
___________________________________

Алматы облысы Ұзынағаш ауданында ұлттық өнерімізді насиxаттау мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде "Жыр алыбы - Жамбыл" атты республикалық оқушылар айтысы ұйымдастырылады. "Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып қолына беру - біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз" - деген еді Сәкен Сейфуллин. Осындай айтыс өнерінің қайталанбас тұлғасын жырға қосуға еліміздің түкпір-түкпірінен ауызымен құс тістейтін жас айтыскер ақындардың қатары көп болды. Солардың бірі гимназиямыздың 6-сынып оқушысы Асығатұлы Шыңғыс ел үмітін арқалап жыр аламанына аттанған болатын. Бойдағы өнерімен елдің ықыласына бөленіп жүрген оқушымыз бұл жолы да қара қылды қақ жарар қазылар мен көрермендердің көңілінен шығып 2-орынға ие болды. Қос ішекті домбыраны серік қылып жүрген жас ақынымыздың жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз.