I Республикалық "Алаштан ән оздырған Жәнібек" атты дәстүрлі әншілер байқауы
Súıіnshі!
Shyǵys Qazaqstan oblysynda ótken I Respýblıkalyq "Alashtan án ozdyrǵan Jánіbek" atty dástúrlі ánshіler baıqaýyna mektebіmіzdіń jas ónerpazy maqtanyshy Asyǵatuly Shyńǵys qatysyp II dárejelі dıplomǵa ıe boldy.
⠀ Buǵan deıіn Shyńǵys kóptegen jyr baıqaýlarynda óner kórsetіp top іshіnen daralanyp júrgen edі. Bul joly qolyna dombyrasyn alyp dástúrlі ándі naqyshyna keltіrіp shyrqaǵan jas órenіmіz mektebіmіzben qatar oblysymyzdyń abyroıyn asqaqtatty.
⠀ Osyndaı daryndy oqýshylarymyzdyń jetken jetіstіkterі bіz úshіn úlken maqtanysh. Altynsarın jalaýy árdaıym jelbіreı bersіn.
_________________________________
Сүйінші!
Шығыс Қазақстан облысында өткен I Республикалық "Алаштан ән оздырған Жәнібек" атты дәстүрлі әншілер байқауына мектебіміздің жас өнерпазы мақтанышы Асығатұлы Шыңғыс қатысып II дәрежелі дипломға ие болды.
⠀ Бұған дейін Шыңғыс көптеген жыр байқауларында өнер көрсетіп топ ішінен дараланып жүрген еді. Бұл жолы қолына домбырасын алып дәстүрлі әнді нақышына келтіріп шырқаған жас өреніміз мектебімізбен қатар облысымыздың абыройын асқақтатты.
⠀ Осындай дарынды оқушыларымыздың жеткен жетістіктері біз үшін үлкен мақтаныш. Алтынсарин жалауы әрдайым желбірей берсін.

