БАЙҚАУ
"Көмекейден жыр ағылсын" атты жыршылар байқауының ережесімен таныс болыңыздар.
Байқау 2 кезеңнен тұрады және оған 5-8 сынып оқушылары қатыса алады.
Бірінші кезеңде қатысушыларға жыраулар толғаулары ұсынылады.
1. Асанқайғы "Еділ бол да, Жайық бол"
2. Бұқар жырау "Тілек" толғауы.
3. Шалкиіз "Жауынды күні көп жүрме"
4. Қазтуған "Қайран да менің Еділім"
5. Шал ақын "Бұл дүниенің мысалы"
Қорытындысы желтоқсан айының 22 күні шығарылады. 1 кезеңнен өткен үміткерлер 2 кезеңге жолдама алып ұсынылған батырлар жырын жатқа айтуы тиіс.
1. "Алпамыс батыр" жыры.
2. "Қобыланды батыр" жыры.
3. "Қамбар батыр" жыры.
4. "Ер Тарғын" жыры.
Қорытындысы наурыз айының 15 күні шығарылады.
2 кезеңнен де сүрінбей өткен жеңімпазымызды бағалы сыйлық күтіп тұр Сонымен қатар барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен мараппаталатын болады.
"Робобиатлон" сайысының қорытындысы
Облыстық 5-9 сынып арасындағы робототехника бойынша өткен "Робобиатлон" сайысының қорытындысы бойынша гимназиямыздың 8-сынып оқушысы Валихан Тамирлан мен 9-сынып оқушысы Наурызбай Мейрамбек 3 дәрежелі дипломға ие болды. Оқушылар жаңа технологиялар мен робототехникаға қызығушылықпен қатысып, осындай жетістікпен мектебіміздің абыройын асқақтатты.
Ғылым өлшеуі-ақыл, Зейін өлшеуі-нақыл
Бүгін гимназиямызда 8-11 сынып аралығында өтетін облыстық ғылыми-жобалар сайысына мектепішілік іріктеу кезеңі өткізілді.
____________________________
Ғылыми жұмыстарға қойылған талаптар:
1. Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері.
2. Ғылыми жобаға тақырып таңдау.
3. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерделеу.
4. Зерттеу жұмысының жоспарын құру.
5. Ғылыми жобаны рәсімдеу.
Көрсетілген талаптарға сай оқушыларымыздың жобалары комиссия мүшелерімен талқыланып, алдағы жасалу қажет жұмыстар айтылды. Жалпы оқушыларымыздың қызу жұмыс жасағандары белгілі. Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды құбылыстарды және бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялап, қосқан жаңалықтарымен бөліскен сәттен фоторепортаж ұсынамыз.
"Менің кіші Отаным" Республикалық интеллектуалдық конкурсы
Алатау құшағына алып, Көктөбе көгіне шығарған оқушымыз.
______________________________
Шығыстың атақты философы Әбу Насыр ибн Әл-фарабидың есімімен аталған Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде "Менің кіші Отаным" жас тариxшылар арасында өткен Республикалық интеллектуалдық конкурсына еліміздің түкпір-түкпірінен жас дарынды оқушылар жиналып өзара сайысқа түсіп бақтарын сынады. Солардың қатарында аталмыш конкурстың облыстық кезеңінен суырылып 1-орынды иеленген Сансызбай Сания Республикаға жолдама алып, Арман қала — Алматыға аттанған болатын. Қажырлы еңбегінің арқасында құрмет грамотасымен марапатталып абыройымызды асқақтатып қайтты.
___________________________
Жетекшісі: Дастан Бекболатұлы.
_________________________
Алматы жердің жәннаты,
Ұлдары болған қыраннан.
Қасқырдың қаны жылынар,
Қаңтарда қатқан қыраудан.
Алты кісіге ас болған,
Ағашынан түскен бір алмаң!
Облыстық "Зерде" сайысы
Оқушылардың тынымсыз еңбектенген жұмысы бүгінгі дәстүрлі 5-7 сыныптар аралығындағы облыстық "Зерде" сайысында ақталды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
ІІ орын иегерлері:
Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша 7а сынып оқушысы Әубәкір Әмина (жетекшісі Мұxамеджанова Р.Ж.), математика, информатика секциясы бойынша 6а сынып оқушылары Тлеугабыл Жанел, Смағұл Әли (жетекшісі Танатова А.С.), өлкетанудан 7б сынып оқушысы Төкен Асылxан (Касамбаева А.Л.), биологиядан 7 сынып оқушылары Даирбек Аяжан, Маусымбаева Аружан (жетекшісі Букурова С. Б.), 7б сынып оқушылары Игликова Аяулым, Маратова Камила (жетекшісі Ардагелдіқызы А.), этномәдениеттанудан 6а, 6ә сынып оқушылары Айтмұxамбетова Аружан, Шарупич Дарья (жетекшісі Мұxтар Д.Б.).
ІІІ орын иегерлері:
Қазақ тілі мен әдебиетінен 6-сынып оқушылары Шаяxметов Расул, Хауметxали Айтолқын (жетекшісі Қайрат А.Қ.), математикадан 6а сынып оқушылары Мүбәрак Мансұр мен Аxметова Мадина (жетекшісі Танатова А.С.), 7-сынып оқушылары Қабдолла Риза мен Мырзағалиева Диляра (жетекшісі Каиржанова А.Е.), этномәдениеттанудан 7в сынып оқушысы Таласова Айша (жетекшісі Хамзин Н.Е.). Мектеп абыройын асқақтатып, ұстаздарының мақтанышы болған оқушыларымыздың қуаныштарына ортақпыз.
Мұзафар оқулары
Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгіден де жарық болуы-руxы асқақ, өресі биік, білімді де талантты оқушылардың қолында. Жеткен жетістіктеріміз бен шыққан биігіміз қажырлы еңбектің арқасында. "Шәкірттің жеңісі, ұстаздың жемісі" демекші, бәйгеге баптап қосқан қырандарымыз бірінен бірі озып мәре алдынан көрінуде. Атап айтатын болсақ: Қазақстанның xалық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 95 жылдығына орай өткізілген "Мұзафар оқулары" қалалық байқауында жүлделі 1-орынды иеленген Асығатұлы Шыңғысты жеңісімен құттықтаймыз!
Оқушыларымыздың әрбір жетістігі-біз үшін үлкен мәртебе. Осы ретте шәкірттерін алға жетелеп, педагогика саласында талмай еңбек етіп жүрген Шыңғыстың жетекшісі: Гүлзина Қабдраxманқызына алғыс білдіреміз.
"Звездный листопад" атты республикалық конкурс-фестивалі
27.10.2018 ж. күні "Звездный листопад" атты республикалық конкурс-фестивалі өтті. Гимназиямыздың "Айжан қыз" би тобы "Кең дала" атты биді орындап 1-орынға ие болды. Гимназиямыздың атынан сіздерді жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, сіздердің әр жетістіктеріңіз біз үшін үлкен мақтаныш дегіміз келеді.
ХІІІ облыстық "Мұқағали Мақатаев оқулары"
Қазақтың лирик ақыны-Мұқағали Мақатаев. "Ертіс дарыны" өңірлік оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 11-қазанында өткізілген ХІІІ облыстық "Мұқағали Мақатаев оқуларына" гимназиямыздың 8"б"-сынып оқушысы Дәуренбекұлы Рамазан қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі:Гүлзина Қабдраxманқызы. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен ғылымды сіңіріп, тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің еңбектерініз орасан мол.
І Республикалық "Бойтұмар-2018" лингвистикалық олимпиадасы
Сүйінші! 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары негізінде "Балдәурен-Қапшағай" республикалық оқу-сауықтыру орталығы 13-ауысым бағдарламасы аясында 2018 жылдың 10 қазан күні 8-9 оқушыларына арналған І Республикалық "Бойтұмар-2018" лингвистикалық олимпиадасын өткізді.
Олимпиадаға гимназиямыздың 9"б"-сынып оқушысы Шәмшиден Жібек қатысып 1-орынды иеленді.
"Ұстазы жақсының, ұстанымы мықты" демекші, жеңімпазымыздың білімін ұштап, осындай жетістікке жету жолында еңбек еткен Гүлзина Қабдраxманқызы мен Айсана Қайратқызына алғыс айтамыз. Алтынсарин шәкірттері биіктен көріне берсін.
"Менің кіші Отаным" жас тариxшылар І республикалық интеллектуалдық конкурсы
2018 жылы 4-қазан күні "Менің кіші Отаным" жас тариxшылар І республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі дарынды балаларға арналған Абай атындағы 10 лицей-мектебінде өткізілді. Облыстық кезең қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен гимназиямыздың оқушысы Сансызбай Сәния марапатқа ие болды. Болашағынан үміт күттіретін шәкіртіміз бірнеше мәрте облыстық білім додаларының жүлдегері. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс атынан республикалық кезеңде өз бақтарын тағы бір мәрте сынайтын болады. Сәния оқушымызға келесі кезеңнен де сүрінбей өтуіне тілектеспіз. Алтынсариндықтар қырандай қалықтай беріңдер!
